Ақтөбедегі теракт халық жадында

05.06.2017 1786

Ақтөбедегі терактіге 1 жыл

ҚР Ақпарат  және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бір жыл бұрын Ақтөбеде болған  трагедияда қаза тапқандарды еске алуға арналған әлеуметтік роликті Facebook  әлеуметтік парақшасына жариялады. Еске алуға арналған видео роликте сол бір қаралы күн мен экстремистердің қолынан қаза тапқан жандар сондай-ақ олардың жақындары туралы бейнелер алмастырылған. Роликті «КТК» арнасы мен  «Қазконтент» АҚ Ақпарат  және коммуникациялар министрлігінің арнайы тапсырысына сай әзірлеген.

 

Видеодағы кадрлардан лаңкестердің қолынан қаза тапқан – Николай Онищенко, Берік Қалиев, Михаил Матросов, Мерхан Тәжібаев, Даниэл Майлыбаев, Досбол Сапар мен Андрей Максименконың туыстарын көруге болады.

Былтыр 5 маусым күні Ақтөбеде лаңкестер тобы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Шаһарда антитеррористік операция режимі белгілен еді. Қарулы топтың қолынан жеті адам көз жұмды. Олардың үшеуі әскерилер.

Антитеррористік операция негізінде 18 лаңкестің көзі жойылып, осы терактіге қатысты істе 30 күдікті сот алдында жауап берді: 9 лаңкес, 18 мәлімет беруші мен қылмысты жасырған 3 адам.