Жаңалықтар

Жеті елдің тілін біл!

Әлем тұрғындары көп сөйлейтін 10 тіл
Жеті елдің тілін біл!
10.11.2020 15:47 5434

Адам қаншалықты көп тіл білсе, ол үшін соншалықты мол мүмкіндіктер ашыла түседі. Әсіресе, егер сіз үйренген тілдің әлемде танымалдылығы жоғары болса. Жаһанда барлығы жеті мыңнан астам түрлі тілдер бар. Біз бүгінгі материалда сол тілдердің арасындағы қолданыс аясы кең, танымалдылығы артық 10 тілді қарастыратын боламыз.

10 орында – лахнда тілі 

Лахнда – бұл тіл батыспанджаб немесе ленди деп те аталады. Ол макротілді болып саналады, себебі бұл тілде үстеулер көп қолданылады. Оның бірнеше кіші топтары да бар. Лахнда тілі әсіресе Пәкістанда көп қолданылады. Бүгінде әлемде бұл тілде 119 млн адам сөйлейді.

9 орында – жапон тілі

Жапон тілі – бұл тілдің күрделілігіне байланысты оны үйрену де, игеру де оңай емес. Әсіресе, жапон жазуы – иероглифтердің құпиясын ұғыну оңайға соқпасы анық. Алайда, соған қарамастан бүгінде әлемде жапон тілі танымалдылығы мен қолданылуы жағынан тоғызыншы орынды иеленеді. Бүгінде жапон тілінде 128 миллион адам сөйлейді. Оған мемлекеттік тіл статусы Жапонияда ғана берілген.

8 орында – орыс тілі

Барлық славян тілдерінің арасында орыс тілі аса танымалдылыққа ие қарым-қатынас тілі болып саналады. Сондай-ақ, оның танымалдылығының артуына Кеңес үкіметінің құрамында болған едерде әлі күнге дейін қолданылатындығы себеп болып отыр. Орыс тілінде Қазақстан, Тәжікстан, Белоруссия, Украина, Литва, Эстония және өзге де елдер еркін сөйлейді. 17-ге жуық мемлекетте орыс тілі мемлкеттік тілмен теңдей дәрежеде қолданылады. Орыс тілінде сөйлеушілердің саны 154 миллион адамға жетеді.

7 орында – португал тілі

Португалияның Испаниядан тәуелсіздік алғанынан кейін, португал тілі аса танымалдылыққа ие болды. Жалпы бұл тілдің танымал болуына жаһандық алғашқы жер ашушылар, зерттеушілер, теңіз жүзушілері себепкер болды. Бүгінде португал тілінде 221 миллион адам сөйлейді.

6 орында – бенгал тілі

Бенгал тілі – Бангладештің мемлекеттік тілі болып саналады. Бұл мемлекеттегі тұрғылықты халық саны 228 млн адамға жетіп жығылады. Олардың әрқайсысы тек бенгал тілінде ғана араласады. Бангладештің Үндістанмен іргелес көрші болуынының есебінен бенгал тілі бұл елде де асқан танымалдылыққа ие болды десек болады. Бүгінде әлем халықтарының 211 миллионы бенгал тілінде араласады.

5 орында – араб тілі

Жалпы араб тілі ежелден келе жатқан көне тілдердің бірі болып есепетеледі. Бұл тілде сөйлейтіндердің саны 319 миллионға дейін жетеді. Қиыр Шығыстың тілі өте нәзік, әдемі де әуезді болып, құлаққа жағымды естіледі. Құран араб тілінде түсірілген. Сондықтан мұсылман елдердің тұрғындарының басым көпшілігі араб тілінде хат таниды.

4 орында – хинди тілі

Жалпы хинди тілінде әлем бойынша 341 миллион адам сөйлейді. Бұл хинди - халқы көп Үндістанның негізгі қарым-қатынас тілі болып табылады. Әрине, хинди тілінің өзінде бірнеше диалектілер де бар. Хинди тілінде Непаль, Бангладеш, Пәкістан халқы да арагідік болса да, сөйлейді. Бұл елдерде халық саны өте жылдам қарқынмен өсіп келе жатқаны жасырын емес. Сондықтан тіл зерттеушілері хинди тілінің көш бастаған қытай тілі үшін бәсекелес болуы мүмкін екендігін болжайды.

 3 орында – ағылшын тілі

Ағылшын тілі танымалдылығы мен қолданыс аясының кеңдігі жағынан әлем бойынша құрметті үштікті тұйықтайды. Айтпақшы, аз ғана уақыт бұрын ағылшын тілі танымалдылық бойынша екінші орында болған. Ағылшын тілінде 379 миллион адам сөйлейді. Алайда, бұл санның өзі жиі өзгеріске ұшырап отырады екен. Әрине, өсім жағына қарай. Ағылшын тілі шынтуайтын айтқанда, бизнестің тілі болып есептеледі. Ол көптеген елдерде ресми тіл болып саналады. Ағылшын тілінде Жаңа Зеландия, АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Зимбабве, Кариб бассейні елдері, Гонконг, Оңтүстік Африка, Канада елдерінің тұрғындары сөйлейді.

2 орында – испан тілі

Испан тілі Оңтүстік және Орталық Америкада, Испанияда, Кубада кең таралған. Тарихтан белгілі, испан тілі танымалдылыққа орта ғасыр дәуірлерінде-ақ ие болған. Бұл тарихи кезең жаңа жерлердің ашылуымен байланысты. Бүгінде бұл испан тілін 460 миллион адам қолданады.

1 орында – қытай тілі

Қытай тілі әлемдегі ең көп қолданысқа ие тіл болып саналады. Ол әлем бойынша көш басында тұр. Қытай тілінде 1 миллиард адам сөйлейді. Қытай Халық Республикасының мемлекеттік тілі. Қытай тілі де жапон тілі секілді үйренуде қиынға соғады. Алайда, бұл тілде сөйлейтін адамдардың санының көптігіне байланысты болашағы бар болып саналады. Қытай компанияларының әлем экономкасына интеграциялануы оның танымалдылығын ғана емес, қажеттілігін де арттыра түсуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға