Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында көруге болатын 5 фильм

Ғажайыпқа сеніңіз!
Жаңа жыл қарсаңында көруге болатын 5 фильм
29.12.2016 12:41 5610

Жаңа жыл мерекесінің де басталуына аз күн қалды. Дастархан дайындау мен шырша құру сияқты дәстүрлі әзірлік жұмыстарынан бөлек, қол бос уақытта жаңа жыл туралы фильм қараудың өз қызығы бар. El.kz жаңа жыл туралы топ фильмдер ретін ұсынады.

Демалыс (Отпуск по обмену)

The Holiday

 

Шыққан жылы: 2006

Рөлдедерде: Кэмерон Диаз, Кейт Уинслет, Джуд Лоу, Джек Блэк, Илай Уоллак

Мереке жақындаған сайын бұрын болмаған жерге барып көңіл көтеруге белгісіз күш жетелеп тұрады. Осылайша демалыста тұрақ-жай алмастырмақшы болған екі әйел интернет арқылы танысып қалады. Бірі күні төбеден кетпейтін шырайлы Калифорнияға асықса, енді бірі қар басқан ағылшын провинциясына жөнеледі.

Шынайы махаббат (Реальная любовь)

Love Actually

Шыққан жылы: 2003

Рөлдерде: Хью Грант, Лиам Нисон, Эмма Томпсон, Колин Фёрт, Кира Найтли

Қалай болған күнде де махаббат әлемді өзгертеді. Әсіресе жаңа жыл жақындап қалғанда. Бұл мерекелік трагикомедия  «жүрекке әмір жүрмейді» деген ескі тәмсілді шындыққа айналдырады.

 

34 көшедегі ғажайып (Чудо на 34-й улице)

Miracle on 34th Street

Шыққан жылы: 1994

Рөлдерде:  Ричард Аттенборо, Элизабет Перкинс, Дилан МакДермотт, Дж.Т. Уолш

Шешесі шындықты айтып қойған себепті, Сюзан Санта Класуқа сенбейтін болған. Дегенмен Сюзан салттан аттай алмайды, ақыры Сантаға қажет тізімді жазуға тура келді. Сәулетті үй сұрады! Ғажайыпқа қанша жерден сенбеймін десе де, универмагта кездесіп қалған ақ сақалды жұмбақ ата кім болды екен?

 

Ойыншық сатушы (Продавец игрушек)

Toys seller

Шыққан жылы: 2012

Рөлдерде: Пьер Ришар, Шамиль Хаматов, Агния Дитковските, Вениамин Смехов

Романтикалық комедия таңғажайыптарға сенуге еліктіреді. Жас француз жігіті Николя Парижде өмір сүреді. Сарбонна университетінде білім алса да, қазіргі күні дүкенде ойыншық сатушысы. Анасы мен жары оның табысты кәсіпкер болғанын қалайды. Ал тағдыр өзінің сыйын ешкімге айта бермейді. Барлығы да аяқ астынан...

 

Кейт и Лео

Kate & Leopold

Шыққан жылы: 2001

Рөлдерде: Мег Райан, Хью Джекман, Лив Шрайбер, Брекин Мейер

Нью-Йорктың аспанын мереке қарсаңындағы көңіл-күй кернеді. Шыршалардың шамы жарқырай түсіп, адамдар жүрегінде үміт оты маздай жанады. Кенет іскер қыз Кейттің үйінде бір сырбаз жігіт пайда болады. Ал, ол жігіт жаңа заманның қыр-сыры туралы ештеңе білмейтін болып шықты. Соңы жақсылықпен аяқталсын деңіз....

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға