Жаңалықтар

Кітап оқуға 10 себеп

Кітап оқығанның пайдасы қандай?
Кітап оқуға 10 себеп
29.06.2018 12:58 7605

Ғалымдар ақылдың кілті – үнемі миды дамыту отыруда екенін әлдеқашан дәлелдеді. Оның бірден бір әдісі – кітап оқу. Заманның талабына қарай қазір адамдарда уақыт тапшы, сол себепті кітап оқуға уақыт таба алмай жатады. Десе де, кітап оқитын адамдарда сәтті мансап құрып, отбасында жақсы қарым-қатныас қалыптастырып, әрі жас көрінуіне сондай-ақ ұзақ жасауына мүмкіншілік басым.

Олай болса кітаптың пайдасы мен оқуға тұрарлық он себебін жүйелеп көрейік.

Сөздік қорды ұлғайтады

Сіз түрлі жанрдағы туындыларды оқығанда күнделікті қарым-қатынас барысында кездеспейтін ерекше сөздермен танысасыз. Егер қандай да бір сөз сізге бейтаныс болса, мағынасын сөздіктен іздеп әуре болмаңыз. Сіз сол терминді жалпы оқиғаның мазмұны арқылы ұғып алуыңыз мүмкін. Сол себепті, кітап оқу арқылы сіз тек сөздік қорыңызды ұлғайтып қана қоймай, жалпы сауатыңызды нығайтасыз.

Адамдармен қарым-қатынас жасауға мол мүмкіншілік береді

Кітап оқу арқылы сауаттылықты арттырып қана қоймай, ойыңыз бен сөзіңізді нақты әрі әдемі жеткізуді үйренесіз. Бірнеше классикалық туындыны оқығаннан кейін ақ, талантыңыз ашылып, әңгімені жақсы айтатын боласыз. Өзіңізбен әңгіме-дүкен құрған сұхбаттасыңызға қызықты адам болып көрінуге мүмкіндік бар, жақсы әсер қалдыра аласыз.

Сенімділік артады

Кітап көп оқыған сайын сенімділік те нығая түседі. Белгілі бір пән төңірегінде әңгіме қозғалғанда, жоғары эрудиция мен терең білімді көрсету үшін өзіңізді сенімді әрі жинақы ұстауға септігін тигізеді. Айналаңыздағылардың сізді мойындауы, қашан да өзіңізді бағалауға әсерін тигізеді.

Күйзеліске жол бермейді

Заманның талабына қарай күйзелістен арылу – көптің басында бар мәселе. Кітаптың байлығы мен ритмикасында психиканы тыныштандыратын қауқары бар және организмді күйзелістен босата алады. Әсіресе ұйқыға жатар алдында кітап оқығанның пайдасы шаша етектен.

Есте сақтау қабілеті мен ойлау жүйесін дамытады

Кітап оқудың басты пайдасы – ойлау жүйесіне жақсы әсер қалдыратындығында. Кітап оқу арқылы шығарманың идеясын түсіну үшін жан-жақты ойланамыз. Оқу арқылы көптеген бөлшектерді көз алдымызға елестетеміз. Мәселен, кейіпкерлердің түрін, олардың киімін, оларды қоршаған заттар т.б. Сонымен қатар көптеген шығармаға қатысты тетіктерді естен шығармай ойланып, түсінуге тырысып жүреміз. Бұл – жады мен логиканы жаттықтырады.

Альцгеймер ауруынан сақтайды

Ғылыми зерттеулер кітап оқыған ми ауруларынан қорғайтынын дәлеледеді. Кітап оқу барысында мидың белсенділігі артып, тонусын сақтауға әсерін тигізеді.

Жасартады

Адамның миы қартаған сайын, өзі де қартаятыны әлдеқашан дәлелденген. Ал, кітап оқу сіздің миыңызды үнемі жұмыс істеуге мәжбүрлеп, нәтижесінде кәрілікті итеріп тастайсыз.

Шығармашылыққа баулиды

Креативті адамдар бірден бірнеше керемет идеяларды ортаға тастауы мүмкін. Ондай талант қайдан деп ойлайсыз? Әрине кітаптан. Кез-келген туындыны оқу арқылы сіз көптеген идеяларға қанығасыз, ол ертең сіздің өміріңізге де пайдаға асуы мүмкін.

Ұйқыны жақсаратады

Егер сіз кітапты үнемі ұйқы алдында оқитын болсаңыз, онда ағзаңыз үйренісіп, ұйықтайтын уақытта сізге белгі беретін болады. Нәтижесінде тек ұйқыңызды жақсартып қана қоймай, таңертең өзіңізді сергек сезінетін боласыз.

Зейін қоюды жақсаратады

Кітап оқу барысында айналадағы бөгде заттарға алаңдамай, көңіл бөлмей шығарманың мазмұнына терең ден қоюға тырысасыз. Бұл әдет өзге жағдайларда да аса қажет. Кітаптың тағы бір пайдасы – кез-келген мәселеге тіке қарап, лайықты шешім қабылдауға мол әсерін тигізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға