Жаңалықтар

El.kz мерекелік акция жариялайды

8 наурыз
El.kz мерекелік акция жариялайды
23.02.2017 14:15 6408

El.kz  ұжымы 8 наурыз қарсаңында оқырмандар арасында мерекелік акция жариялап отыр. 

Қымбатты достар, осынау аяулы мерекеде өздеріңіздің сүйікті аналарыңыз, әжелеріңіз, апа-сіңлілеріңіз, құрбыларыңыз туралы жып-жылы естеліктеріңізбен бөлісуді ұсынамыз. Осылайша, сіздер өз жақындарыңызды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай аласыздар!

Не жазу керек дейсіз бе? Ендеше, зер салып тыңдаңыз! Анаңыздың мейіріміне шомылған шуақты күндер есіңізде ме? Жазыңыз. Әжеңіздің құлағыңызға құйған ғибратты сөздері есіңізде ме? Оны да бізге жазыңыз. Құлын-тайдай тебісіп бірген өскен құрбыларыңыздың ерекше қылықтарын қағазға тізіңіз. Құлай сүйген аруыңызды да біздің сайт арқылы әдемілеп құттықтаңыз! Қысқасы, осы акция арқылы өміріңіздегі ең ардақты жандарға алғыс білдіріңіз! Жан тебірентерлік оқиғаларыңыз бен құттықтауларыңызды (бірге түскен суретіңізді міндетті түрде қосыңыз) мына поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: news@el.kz

Біз барлық хаттарды мұқият тексеріп, сайтта жариялаймыз. Мерекелік акциямызға қатысып, өздеріңізге ең қымбат аруларды қуантыңыздар, достар!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға