Жаңалықтар

Малайзия «қуатты көктің өрлеуіне» шақырады

ЭКСПО-2017
Малайзия «қуатты көктің өрлеуіне» шақырады
Фото: Нұрбек Әлманбетов 14.06.2017 17:24 6198

 «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Малайзия павильонында «1 пост – 1 Ватт» кампаниясы бастау алды. Бұл туралы павильон комиссарының орынбасары Лу Тук Ги айтып берді. 

«1 Пост = 1 Ватт» кампаниясы дүние жүзінің барлық ұлттарын «Жасыл өсуге» жетелейді және ЭКСПО – 2017-де #MyButterflyEffect-тің таралуына ықпалын тигізеді. Осы хэштег арқылы әлеуметтік желіде жолданған үздік пікірлердің иесін тамаша сыйлық күтіп тұр. Яғни, Малайзия елі үздік деп танылған пікірдің авторына ЭКСПО көрмесін тамашалау үшін жол шығыны мен кіру билеттерін ұсынады. Біздің елдің азаматтары үшін бұл бәйге 30 шілдеде аяқталады. Малайзия павильонның директоры баспасөз отырысы барысында осы елдің ЭКСПО барысындағы толық бағдарламасын ұсынып, шақыруды да ұмытпады.

Малайзияның энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрі, доктор Максимус Джонити Онгкили ЭКСПО-2017-ге қатысып жатқан жүзден астам елдерден келген өзінің әріптестерін #MyButterflyEffect-ке қатысуға шақырады. Министр осы кампания арқылы Малайзия сияқты шағын ұлт жаһандық масшатбта өсу жағынан үлкен өзгерістер жасай алатынына кәміл сенеді. Сол секілді #Wattif  сұрағына жауап іздей отырып, «көбелек әсерін» іске қосатындықтарын айтты.

«Көктің өрлеуі біздің табиғатымыздың негізінде және де Малайзия өз білімімен тәжірибесін қолданып, бүкіл әлемге «жасыл» болашақтың мүмкіндіктерін көрсетеді» – дейді ол.

Аталған кампанияға Малайзия қоршаған  ортаның тұрақты дамуы бойынша Агенттігі, сол секілді Tenaga Nasional Berthad электрмен қамтамасыз ету бойынша ұлттық корпорация қолдау көрсетпек.

Осыдан кейін Малайзия павильонын аралап, энергетика нарығының әлеуетін пайдалану жолындағы талпыныстарын ерекше аңғардық.

Малайзия орман алқаптары бар елдердің ішінде алғашқы орында болса, ал дамып келе жатқан нарықтардың арасында төртінші орында тұр. Жасыл энергетиканы дамыту бойынша көшбасшы ел болып табылады. Сол секілді Малайзия әлемдегі күн фотоэлектрлік модульдер мен ұяшықтарын өндірушілердің бірі. Дүние жүзіндегі әр төртінші фотоэлменттерді өндіруші құрылғы осы елде орын тепкен.

Малайзия ЭКСПО-ға қатысу арқылы жасыл даму табиғатын және дамып келе жатқан нарық болашақ энергетиканың оң өзгерістеріне әсер ете алатынын көрсеткісі келеді.

Малайзия күн батареяларын өндіру көлемі жағынан үшінші орын алады. Шын мәнінде, күн батареяларын өндірушілердің үздік 5-нің 4-еуі күн модульдері мен торларын өндіру үшін Малайзияны таңдайды.

Малайзия павильонының тақырыбы «Қуатты көктің өрлеуі» және бұл ЭКСПО-2017-нің «Болашақ Энергия» басты тақырыбын толықтыруға бағытталған. Алғаш рет Малайзия павильоны бүкіл Азияға елімізді таныстыру және көрсету мақсатында қызмет етіп отыр.

Малайзияның ЭКСПО-2017-ге қатысуы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер құруының, іргетасы болып табылады. Жасыл болашақты Малайзия бірге құруға шетелдік инвесторларды шақырып отыр және де бүкіл әлемді Малайзияда мақтан тұтатын өнімдер мен қызметтерді дамытуға үлес қосуға шақырады.

Келушілер Малайзия павильонындағы жасыл технология және энергетика саласындағы жетістіктерін тамашалап, жаңғыртылып жасалған тропикалық ормандарына қыдырып болған соң, қызықты ойындарға қатыса алады.

Міне, осылай аталған елдің таза энергиямен қамтамасыз етудегі тәжірибесі мен сұлу әрі ерекше мәдениетімен қанық болдық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға