Жаңалықтар

«ЕХРО-2017»: мәдени бағдарламалар

«ЕХРО-2017» көрмесінде қандай мәдени шара тамашалауға болады?
«ЕХРО-2017»: мәдени бағдарламалар
17.04.2017 10:55 8623

«ЕХРО-2017» көрмесіне 5 миллиондай халық келеді деп күтілуде. Осы жылдың ең айтулы шарасына бүгінге дейін 850 мың билет сатылған. Көрсеткіш көңіл көншітпейді, десе де оның ұлғайарына үміт бар. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы халықаралық деңгейде қызмет көрсететін әлемге әйгілі жеті туроператормен келісім-шарт жасасқан. Сонымен қатар жаһанның ірі мегаполюстерінде билет сататын орындар ашқан.

Сол 5 миллион адамның 15 %-ы шетел азаматтары. Олардың тең жартысы Ресей мен ТМД-дан, 20%-ы Қытайдан, 15%-ы Европа елдерінен келеді. Орта есеппен алғанда күніне 30 мың саяхатшы көрмені тамашалайтын болады. Негізгі назар ішкі туризмге аударылады. Елдегі саяхат саласын жандандыру Экспо жобасының негізгі бағыты. Ол үшін әр өңірден 1 млн 850 мың  адам тарту көзделген. Бірақ халық тарапынан қызығушылық төмен. Тиісінше билет сатылымы қарқын алмай отыр. Бұл  үгіт-насихат жұмыстарының тиімсіздігі – дейді сарапшы мамандар. Сол себепті ақпараттандыру саясатын өзгертіп, ұтымды әдістерді қолданбақшы. «Жүз рет айтқанша бір рет көрсет» - демекші, бейнеүзіктер түсіріп таратуда. Онда халықаралық көрменің мәдени танымдық бағдарламасы таныстырылған.  

 

  • Отандық және әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсететін концерттік кештер 16-маусымнан 10-қыркүйекке дейін жалғасады екен. Олар ЕХРО-ға арнайы салынған жеті мың орындық Амфитеатрда өтпек. Алдымен жергілікті өнерпаздар өз өңірінің тарихы мен рухани мұрасын,  табиғи және сәулеттік ерекшелігін шетелдік қонақтарға паш етеді. Осыдан кейін «Гәкку» телеарнасы отандық поп орындаушылардың қатысуымен көлемді екі ән кешін өткізеді. Ал 30 маусымда МТВ музыка каналының түсірілімі басталады. Әлем жұлдыздарының қатысуымен өтетін ән кешінен жүргізілетін трансляция шар тарапқа тарайды.  

  • 6-шілде, Астана күніне орай «Менің астанамның қуаты» атты мерекелік концерт қойылады. Оның ерекшелігі түрлі жанрда ән шырқайтын күміс көмей, жез таңдай әншілері бір сахнада өнер көрсетеді. Көрермендер әр тілде жазылып,   бұрын соңды шырқалмаған классикалық, эстрадалық және фольклерлық әндерді әлем жұлдыздарының орындауында еститін болады.

  • 19-25 маусым аралығында Экспо конгрес орталығында Аматы симфониялық оркесторы даңқты скрипаш Марат Бейсенғалиевтің басқаруымен «жер қуатты» деген тақырыпта бұрын соңды болмаған концерттік бағдарламасын ұсынады. Заманауи би мен музыка мәдениеті де ескерусіз қалмайды. Шілденің жиырма бірінен жиырма бесіне дейін атақты диджейлері көрме көрермендеріне көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.

  • Музыка мен биден бөлек, әзіл кештері өткізіледі. ТМД аумағына аты мәлім Comedy Club өнерпаздары «қалжың қуатты» атты арнайы жоба әзірлеуде. Ол 28-30 шілде аралығында өткізіледі.

  • 9-шілде де  қазақ-британ бірлескен «No mad karma» тобы шоу концертін ұйымдастырмақ. Топ продюсерінің айтуынша шоу бағдарламасы табиғат құндылықтарын сақтауға адамзат назарын  аудартуға бағытталған.

  • 12-шілде «Spirit Of Tengri» тобының этоно-фестивалі өтсе, 14-19 шілде аралығында  «А-STUDIO» мюзиклының  «музыка құдіреті» атты ерекше ән кешімен жалғаспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша қолданатын жарық-сәулелері келген қонақтарды бей-жай қалдырмайды. 

  • «Jazzia» жанрының тыңдаушыларыда сүйікті әуендеріне құлақ құрышын қандыра алады. Онда дәстүрлі және заманауи туындылар қатар орындалмақ. Оның өтетін күндері 15-17 тамыз. Осыдан соң «Оскар» жүлдесінің иегері композитор Людовик Бурс симфониялық оркестордың сүйемелдеуімен «Аrtist» фильмін сахналайды.

  • Мәдени-танымдық іс-шаралары 30-тамызда Конституция күні тәмамдалады. Онда  отандық өнер жұлдыздары тамаша той-думан жасамақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға