Жаңалықтар

Күздік бидай сорттары

Дәнді дақылдар оңтүстік өңірлерде көп егіледі
Күздік бидай сорттары
29.10.2021 19:53 19839

Егін шаруашылығы саласы жаңа техника мен озық технология мен жабдықталуда. Бұл дәнді дақылдарды мейлінше көбірек өндіріп және оның сапасын жақсартуға мол мүмкіндік беруде. Жалпы елімізде ауа-райы қолайлы жылдары астық өнімі отыз млн тоннаға дейін жетеді. Төмендегі материалда «Қазақстанның дәнді майлы дақылдары мен шөптерінің ең жақсы сорттары» кітабын негізге ала отырып, күздік бидайдың сорттары туралы айтпақшымыз.

Күздік дақылдар

Күздік дақылдардың ауыл шаруашылығында зор маңызы бар. Олар көктемде егін егуде және орақ кезінде жұмыстың қауырттығын кемітеді. Дәнді дақылдардың бірқатарын егу жұмысын күзге көшіру әрбір шаруашылыққа көктем жұмысын қысқа мерзім ішінде аяқтап ауылшаруашылық дақылдары егісін күту ісін және басқа жұмыстарды дер кезінде қолға алуға мүмкіндік береді. Күздік дақылдар жаздықтардан ерте піседі, мұның өзі әдетте, жаздық астық піскенше күздікті жинап алуға мүмкіндік береді. Сондықтан күздік егісі бар шаруашылықтарда еңбек ресурстары мен егіс жұмысында істейтін техника өнімдірек пайдаланылады.

Өсіп-жетілуі екі кезеңді өсімдік есебінде күздік дақылдар топырақтың ылғалын толығырақ пайдаланады. Сондықтан оларды өсіруге қолайлы аудандарда күздік дақылдар, жаздықтарға қарағанда, әрқашанда көп өнім береді. Күздік дақылдардың бітігірек болып шығатындығының тағы бір себебі – олар жаздық дақылдардан ертерек пісетіндіктен, жаздың ыстық кезінің әсеріне азырақ шалдығады, ал бұл кездің әсіресе республикамыздың оңтүстік-шығыс және батыс облыстарында дәннің құралуы мен пісіп-жетілуіне теріс әсер ететін жағдайлары аз емес.

Күздік дақылдан кейін егістік жер, жаздық дәнді дақыл егілген жермен салыстырғанда, арамшөптерден тазарақ болады. Сондықтан күздік дақылдар ауылшаруашылық дақылдарының көпшілігі үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі.

Республикалық колхоздардың күздік дақылдар – бидай, қарабидай, арпа – дәнді дақылдардың барлық егіс көлемінің 12 процентін алады. Бұл дақылдар республиканың оңтүстігінде көбірек орын алады. Батыс пен шығыс бұл жөнінде екінші орын алады. Қазақстанның солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда да және Гурьев облыстарында, күздік дақылдар бәрінен де кем егіледі.

Күздік бидай сорттары

Күздік бидай

Халықтың жоғарғы сапалы тамақ өнімдері жөніндегі өсіп отырған қажеттерін қамтамасыз ету үшін бидай өндіруді бұдан былай да ұлғайтудың зор маңызы бар. Бидай наны өзінің дәмділік сапасы мен қоректілігі жағынан қарабидайдың нанынан едәуір асып түседі. Нан пісіруден басқа бидай дәні тамақ өнеркәсібінде жарма, макарон, вермишель тағы басқа тағамдар істеу үшін кең пайдаланылады. Ұн тартқанда шығатын қалдық – кебек ауыл шаруашылығы жануарлары үшін құнарлы жақсы жем болып табылады.СОКП Орталық Комитетінің сентябрь Пленумының қарарларында күздік және жаздық бидайдың өнімділігін арттыруға және жалпы түсімін молайтуға зор көңіл бөлінген.

Республиканың оңтүстігінің қысы жұмсақ, күз аяғында , қыстыгүні және ерте көктемде жауын-шашыны мол климат жағдайлары күздік бидайдың өсуі мен өнімділігінің артуына қолайлы келеді. Ғылыми мекемелердің, мемлекеттік сорт сынаушы участоктердің, колхоздардың, совхоздардың мәліметтеріне қарағанда бұл аймақта күздік бидай, өнімділігі жағынан, жаздық бидайдан едәуір асып түседі.

Қазақстанда күздік бидайдың басым көпшілігі оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда егіледі. Осындай мәліметтер республиканың оңтүстік облыстарының колхоздары егістерінен де алынды. Қазіргі кезде күздік бидай республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында барлық бидай егісінің үштен бірін алады.

Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің VI пленумы өндірістік мол тәжірибені қорыту негізінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Талдықорған және Алматы облыстарында күздік бидайдың егіс көлемін ұлғайту туралы қаулы алды. Бұл шара астық түсімін едәуір арттырады және сонымен қатар, көктемгі егіс жұмыстарының көлемін азайтады, барлық жаздық дақылдарды қысқа мерзімде егуге мүмкіндік беріп, олардың өнімділігін арттыруға көмектеседі. Мұнымен қабат, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күздік бидайдан оны өсірудің агротехникалық шараларының белгілі комплексін орындап отырғанда ғана мол өнім алуға болатыны ұмытуға болмайды. Бұл облыстарда күздік бидайдан мол өнім алу үшін мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:

1.    Ең мол өнімді және жергілікті жағдайларға бейімделген сорттардың жоғары сапалы тұқымын белгілі бір агротехникалық мерзімдерде себу керек.

2.    Жаппай көктеп шығуын қамтамасыз ету қажеь.

3.    Өсімдіктің күзде қалыпты өсуіне жағдай туғызу керек.

4.    Көктем кезінде қолайлы су және қорек режимін жасау қажет.

5.    Суармалы жерлерде 1-2 вегетациялық суару жүргізу керек.

Тәлімі ауыспалы егістерде күздік бидайды күзде жыртылған таза парға еккен жөн. Мұндай пар, көктемде жыртылған пардан гөрі топыраққа ылғалдың көп жиналуы мен сақталуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде колхоздарда күздік бидайды ылғалды аз сақтаған, көктемде кеш жыртылған парға егушілік жиі кездеседі. Мұндай жағдайда күздік бидай әдетте қалыпты көктеп шыға алмайды.

Қара парды күту жұмысы топырақта ылғалдың мол сақталуына және арамшөппен күресуге бағытталған болуға тиіс. Бұл үшін қара пар топырақтың жыртылатын қабатын кептірмей, қайта оның 6-7 см тереңдігіндегі ылғалдың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен өңделеді.Суармалы жерлерде таза пар қалдыру тиімсіз келеді. Ғылыми мекемелердің тәжірибесі және колхоздар мен совхоздардың озат практикасы күзде жыртылып, көктемде сиыр жоңышқа сұлы қоспасы егілген пардан түсетін өнімнің таза қара пардың өніміненкем болмайтынынкөрсетті. Бірақ бұл үшін пар танабын егілген дақылдан босатып, егісі жиналып болысымен жыртар алдында суарып, тыңайтқыш енгізіп, шолақ түренді плугпен терең жыртып тастау керек.

Суармалы жерлерде парды бос қалдырмау үшін егілетін дақылдар есебінде ерте пісетін картопты, ерте пісетін овощьтарды: редисті, қиярды, салатты, көк пиязды т.с. пайдалануға болады.

Жамбыл ауылшаруашылық тәжірибе станциясының (Жамбыл облысы) мәліметтері бойынша, күздік бидай үшін қант қызылшасы жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Бұл станцияның тәжірибесі қызылшадан кейін егілген күздік бидайдың сол қызылшадан кейін егілген жаздың бидайдан гектарына 5-7 центнер артық өнім беретінін дәлелдеді.Демек, қант қызылшасын немесе басқа отамалы дақылды ерте мерзімде жинауға мүмкіншілігі бар шаруашылықтарда күздік егу тиімді болады. Қант қызылшасын жинауды механикаландырудың күннен-күнге өсуі ауыспалы егіс танабын бұл дақылдан тез босатып, одан кейін күздік бидай егуге мүмкіндік береді. Мұгдай мүмкіншілік Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының қызылша егуші аудандарының көпшілігінде бар.

Күздік бидайдың ауыспалы егістегі үлес салмағын оны парға егілмеген алғы дақылдардың (күздік не жаздық бидай) соңынан егін арттыруға болады. Мол өнім алу үшін күздік немесе жаздық бидайдан босаған танап міндетті түрде суарылып, азотты және форфорлы тыңайтқыштар енгізіліп, шолақтүренді плугпен 20-22 сантиметр тереңдікте жыртылады да, соңынан іле-шала тырмалап тасталады.Оңтүстіктің жағдайында күздік бидайды себу мезгілінің зор маңызы бар. Егістің кейде құрып кететінінің себебі жерді егіске нашар дайындаудың салдары ғана емес, сонымен қабат, тым кеш себудің нәтижесі. Кеш егілген күздік бидай күзде жақсы жетіле алмайды да, қыстыгүні, көбінесе ерте көктемде мүлде құрып кетеді немесе өте сиреп қалады.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күздік бидайды егудің ең қолайлы мерзімдері мынадай болады:Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары үшін сентябрьдің екінші жартысы – октябрьдің бас кезі;Алматы, Талдықорған және Қызылорда облыстары үшін 10-20 сентябрь.Алматы облысының Кеген, Нарынқол аудандары, Талдықорған облысының Дзержинский ауданы және Андреев, 28 гвардияшылар аудандарының таулы бөлегі сияқты таулы аудандардың жағдайы өзгеше келеді, бұл жерлерде күздік бидайды осы екі облыстың басқа аудандарынан 15-20 күн бұрын еккен жөн.

Республиканың кең көлемді жерлерінде техникалық дақылдар — мақта, қант қызылшасы, темекі т.с егілетін оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандары жағдайында, күздік бидайды ерте көктемде суару жұмысын техникалық дақылдар мен овощьтарды суаруға кіріспестен бұрын жүргізу қажет.Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарында күздік бидай егісі осы дақылдың бүкіл республикадағы егіс көлемінің 10 проценттен астамын алады. Алайда осы облыстардағы барлық дәнді дақылдардың жалпы көлемінде оның үлес салмағы өте төмен – тек болғаны 4 процентке жуық. Семей облысында ол, негізінен, өздерінің табиғи жағдайлары жағынан республиканың оңтүстік-шығыс аудандарына жақын келетін Мақаншы және Үржар аудандарында өсіріледі. Шығыс Қазақстан облысында күздік бидай көбінесе таулы аудандарда егіледі. Мұнда оның өсіп-дамуы үшін жақсы жағдай бар және қыстан шыққанда сиреп қалуы да аз болады. Ал осы екі облыстың далалық аудандарында күздік бидайдың ішін-ара немесе толық кұрып кетуі жиі кездеседі. Шығыс Казакстан облысының таулы аудандарында күздік бидайдың құрып кетуі кейде қардың өте қалың түскендігінен, ал далалық аудандарда, негізінен, қардың куқа түсуінен, бұл жерлерде Қыста қатты аяз,соғуына болады.

Күздік бидай сорттары

Бұдан, Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының территориясында Климат жағдайларының әртүрлі екені көрінеді. Жеке аудандар үшін күздік бидай егудің белгілі бір агротехникасын тандап алу осы жағдайларға байланысты болады. Мысалы, Семей облысының Зайсан, Тарбағатай және Күршім аудандарында күздік бидайдың, агротехникасы республиканың оңтүстік-шығыс облыстарындағы суармалы және тәлімі жерлерге егілетін күздік бидайдың агротехникасына ұқсас келеді.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында күздік бидайды ылғалдың,

Топырақта мол жиналып, сақталуына көмектесетін таза қара парға егу жұмысын күзгі аяз соққанша түптену процесінің аяқталуы қамтамасыз етілетін мерзімдерде жүргізу керек.Республиканың солтүстік және солтүстік-шығыс облыстарының далалы ашық аймақтарында басқаша агротехника қолданылуға тиіс, өйткені мұнда күздік бидай қыстың қатал жағдайына төзе алмай, көбінесе үсіп кетеді.

Сондықтан бұл облыстарда күздік бидай өсіруді өндіріске енгізу үшін академик Т. Д. Лысенко жасап шығарған жаңа әдісті — күздік бидайды жаздық бидайдың аңызына егу әдісін кең қолданудың шешуші маңызы бар. Бұл әдіс бойынша, күздік бидай арамшөптерден таза, тыңайтқыш" енгізілген парға немесе көпжылдық шөптердің соңынан егілген жаздық бидайдың орнына себіледі. Бұл – аңыздың арамшөптерден таза болуын және күздік бидайдың көктеп шығуына өте-мөте қажетті қоректік заттардың жеткілікті запасы болуын қамтамасыз етеді. Күздік бидайдың тұқымымен бірге гектарына 1-1,5 центнер есебімен топыраққа минерал тыңайтқыштар — суперфосфат енгізілуге тиіс. Ерте көктемде егіс гектарына 0,75-1,0 центнер есебімен аммиакты селитрамен үстеп қоректендірілуге тиіс.

Күздік бидайды аңызға еккенде, оның жаңа шыққан көгі парға еккенде жиі кездесетін топырақ боранының зиянды әсеріне ұшырамайды. Оның үстіне, аңызға егілетін күздік бидайдың көгі қыстың бас кезінен-ақ төмен (суық) температураның әсерінен қорғалған болады. Мұның мәнісі аңызға түскен қарды жел үшырып әкете алмайды. Аңызға егу күздік бидайдың тамыр жүйесін қыс кезінде үзілуден аман сақтайды.

Топырақта қоректік заттардың жеткілікті болуы және аңызға егілген күздік бидайды үстен қоректендіру оның ерте көктемде қаулап өсуін және мол өнімді болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, Ішкі істер министрлігінің Қарағанды совхозы бұл дақылдан жыл сайын мол өнім алып келеді,

Семей мемлекеттік селекция станциясының мәліметтеріне қарағанда, 5 жыл қатарынан сынағанда таза парға егілген күздік бидай егісі орта есеппен 79—95 процентке дейін, ықтырмалы парға егілгені 62 проценттен 81 процентке дейін үсіп кеткен, ал өңделмеген аңызға егілген күздік бидай егісінің 3 проценттен 15 процентке дейіні ғана үсіген. Қарағанды облысының колхоздары аңызға егу ісін жақсы меңгеріп, соңғы жылдары күздік бидайды кең көлемді жерлерде - 10 мыңнан астам гектарға өсіріп жүр.

Күздік бидайды солтүстік облыстар мен шығыс облыстардың далалық аудандарында аңызға егу көктеп шыққан егісті үсіп кетуден аман сақтаудың негізгі тәсілі болып табылады.Кейбір колхоздар мен совхоздарда күздік бидайды аңызга егудің нәтижелі болмауының себебі – ең алдымен осы әдісті дұрыс қолданбаушылықтан болып отыр. Солтүстік-Шығыс облыстарда күздік бидайды себу мерзімдерінің ерекше маңызы бар. Мұнда тұқым себу жұмысы 1-5 сентябрьден кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

Республиканың топырақ – климат аймақтарының жеке ерекшеліктері болуына байланысты, күздік бидайдың сорттарына белгілі бір талаптар қойылады. Сорттың дәні жақсы сапалы мол өнім беретін қабілеті болу керек, өндірістің күздік бидайдың да, басқа дақылдардың да әрбір сортына қоятын басты талабы осы. Бұл құнды белгі сорттардың басқа да қажетті шаруашылық және биологиялық белгілерімен байланысты.

Күздік бидайдың негізгі базасы — республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы. Мұнда көктем кезінде, әдетте, жауын-шашын көп болатын және күздік бидайдың едәуір бөлегі суармалы жерлерге егіледі. Бұл аймақтың жағдайында күздік бидайдың жатып қалуға беріктігінің маңызы арта түседі. Егіс жатып қалғанда тұқым қалыты пісіп жетіле алмайды, дән толыса алмай,нашар сапалы пыш дәнге айналады. Оның үстіне, жатып қалған астықты комбайнмен жинау үлкен қиындыққа түседі және өнімнің едәуір бөлегі ысырап болады.

Өндіріс үшін сорттардың тотыққа берік болуының үлкен маңызы бар. Көктем кезінде жауын-шашынның көп түсуі бұл аурудың әр түрінің күздік бидай егісіне тарап кетуіне себеп болады. Әсіресе гүлденгенше тат түскен күздік бидайдың өсімдігі қалыпты өсе алмайды, ал мұның өзі өнім мен дән сапасына үлкен нұқсан келтіреді.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында ауаның температурасы жоғары және ылғалы шамалы болады. Бұл аймақтағы өндіріске күздік бидайдың өніп-өсу дәуірі қысқа, күзгі-қысқы жауын-шашынды жақсы пайдалана алатын сорттарын қолдану өте маңызды. Өніп-өсу дәуірі ұзақ сорттарды дәні сапасыз, пыш болып шығады да, өнімі мүлдем азайып кетеді.

Тәлімі егіншілік үшін күздік бидайдың тiптi жаздың алғашқы жартысында жауын-шашын болмаса да мол өнім бере алатын, қуаңшылыққа төзімді сорттары болуы қажет. Мұндай талапқа тез пісіп-жетілгіш сорттар сай келеді. Мысалы, бұлардың қатарына күздік бидай Грекум 433 жатады, ол Оңтүстік Қазақстан облысының ең қатал тәлімі егіншілігі жағдайында көп тараған.

Республиканың оңтүстік облыстары үшін күздік бидайдың сорттарына қойылып отырған, жоғарыда келтірілген талаптар Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс аудандарының, суармалы және тәлімі егіншілігіне қажет сорттарға да сондай дәрежеде қойылады. Республика жерінің қалган бөлегі үшін күздік бидайдың сорттарына қойылатын негізгі талап — қысқа өте төзімділігі, қыс кезінің қатал жағдайларын көтергіштік қабілеті болып табылады.

Солтүстік облыстарда күздік бидайдың сорттары қысқа төзімділігі жағынан осы жерлерде тараған күздік бидайдың сорттарына жақын болуға тиіс.

Қазақстанның барлық, облыстарында да күздік бидай сорттары қатты және тозаңды қаракүйеге өте берік болуы қажет. Аудандастырылған және перспективалы сорттар оларға қойылатын негізгі талаптарға мейлінше сай келеді. Күздік бидайдың сорттары өздерінің ерекшеліктеріне қарай, республиканың белгілі бір аймақтарына аудандастырылады.

Аудандастырылған сорттардың ішінде Гибрид 599, Псевдо-Меридионале 122, Ульяновка, Альборубрум 22308 сияқтылары біршама жаңа сорттар. Бұл сорттардың шаруашылық және биологиялық бірқатар құнды белгілері жағынан ескі сорттардан артықшылығы бар. Сондықтан, мысалы, Гибрид 599 Талдықорған, Алматы облыстарында; Псевдо-Меридионале 122 -A Жамбыл облысында; Ульяновка - Семей облысында Украинка сортының орнына пайдаланылады. Оңтүстік Қазақстан облысында Альборуорум 22308 сорты ішінара Грекум 433 сортының орнына алынуға тиіс. Сарыағаш ауданындағы «Дарбаза» совхозы Грекум 433 сортын өз өндірісінен мүлде шығарып, орнына Альборуорум 22308 сортын егіп жүр.

   Күздік бидайдың сорттары

Алабас. Бұл сортты Қарағандының селекция тәжірибе станциясы, Безенчук мемлекеттік селекция станциясынын Б-Г 20 сортының 1938/1939 жылы қыстан аман шыққан күздігінің ішінен қайта-қайта іріктеп алу, одан кейін өзара будандастыру жолымен өсіріп шығарды.

Бұл Лютесценстің түр бөлігіне жатады. Масағы қылтықсыз, ак, ұзын (8—10 см) болады, дәні көп, дәнінің саны 16—20 дан 38 ге дейін жетеді, дәні қызыл, ұнды болады. Қуаңшылық жылдары дәні ұсақ болады (1000 дәннің салмағы 18 — 23 г.), ылғал біркелкі болған жылдары дәнінің ірілігі орташа (26-33 г.), ұндық және нандық сапасы орташа.

Алабас сорты Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс облыстарының жағдайында қысқа ең төзімді сорт. Шығыс Қазақстан облысы, Таврия сорт сынаушы участогінде 1946-1947 жылы қыста сыналған 5 түрлі сорттың ішінен тек осы Алабас сорты аман шықты. Және гектарына 14,5 центнерден өнім берді, қалған сорттардың бәрі құрып кетті.

Сорттың пісіп-жетілуі орташа, қуаң желге төзімділігі де орташа. Көктемде жақсы өсіп шықса, одан кейін топырақтың шөліркеуіне сондай төзімді келеді.

Құйылуға беріктігі орташа болады, сабағының биіктігі орташа (жыл жағдайына байланысты биіктігі 50-100 см), жатып қалмайды. Сорт өсімдік ауруларына берілмейді. Ауыл шаруашылық зиянды жәндіктерінің ішінен швед шыбыны мен астық бүргесі ғана аздап зақым келтіре алады.

Аудандастырылған аймақтарда Алабас сорты кең таралып, өнімділігі жағынан әзірге ең жақсы сорт болып табылады. Ақмола облысы, Шортанды сорт сынаушы участогінде 4 жылдың ішінде (1947-1952 жылдары) орта есеппен гектарынан 19,5 центнерден, ал 1947 жылы 22,8 центнерден өнім алынды. Шығыс Қазақстан облысы, Таврия сорт сынаушы участогінде кейбір жылдары гектарынан 18,3 центнер, тіпті 27,5 центнерге дейін өнім алынған. Қостанай облысы, Қарабалық сорт сынаушы участогі гектарынан 12—16,5 центнерге дейін өнім алады.

Жаздық, бидайдың аңызына тыңайтқыш енгізіліп пар айдаған жерге себілген Алабас сорты жыл сайын тұрақты мол өнім береді. Мұндағы міндетті агротәсіл — күздік бидайды себумен бірге түйірлі тыңайтқыштар енгізу және көктем шығысымен аммиак селитрасымен үстеп қоректендіру. Алабас сорты Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай облыстарында және Шығыс Казакстан облысынын, аласа адырлы аймақтарында аудандастырылған.

Грекум 433. Бұл сортты Красноводопад мемлекеттік селекция станциясында Тәжік ССР-ның Ура-төбе ауданының жергілікті бидайынан жеке іріктеп алу әдісімен А. Г. Гольбек өсіріп шығарған. Бұл грекумнiң түр бөлігіне жатады. Масағы ұршық тәріздес, қылтықты, ак, дәні көп (дәннің саны 17-25) болады. Дәнінің ірілгi орташа (1000 дәнін салмағы 30-34, тіпті 39 г.), ақ, жылтыр болады.

Ұндық сапасы жақсы, нандык, сапасы ортадан жоғары.

Сорттың пісіп жетілуі орташа. Кызылбидайдан 6 күн бұрын піседі. Қуаңшылыққа төзімділігі де орташа. Оңтүстіктің, жылы қысы жағдайында көктемгі өсіп-сіну кезінде өсімдіктің 90-100 проценті аман шығады. Суармалы және жауын-шашынды жылдары тәлімі жерлерде енімді өте молырақ береді.

Күздік бидай сорттары

Құйылуға берік болады. Сабағы биік (90-120 см) және берік, жатып қалмайды. Тозаңды қара күйемен аз, ал қатты қаракүйемен орташа зақымданады.

Грекум 433 өнімді сортқа жатады. Шымкент тәлiм: сорт сынаушы участогінде 1952 жылы гектарынан 25,8 центнерден, ал Түркістан сорт сынаушы (суармалы) участогінде — 34,6-36,9 центнерден өнім алынды. Бұл сынаудағы барлық сорттардың ішінде бірінші орынға ие болыrr отыр.

Бұл сорт тәлімі және суармалы жерлерде өсіру үшін Оңтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған. Гостианум. Бұл сортты бұрынғы Саратов селекция станциясы күздік бидайдың Украинадан Волга бойына әлелінген, Харьковтік жергілікті, қылтықты қызыл сортынан жекелеп іріктеу әдісімен өсіріп шығарған.

Бұл — гостианумнің түр бөлігіне жатады. Оның масағы қылтықты, жұмыр дерлік, қысқа (6-9 см.), тығыз, көп дәнді келеді. Қабыршақтары аздап түкті болады. Дәнінің ірілігі орташа (1000 дәнінің салмағы өніп-өсуінің жағдайына қарай - 25–37 г), дәні қызыл, сопақша, жартылай мөлдір, ұн тартуға, нан пісіруге жақсы сапалы болады.

Бұл сорт - тез пісіп-жетілгіш. Қуаңшылыққа жақсы төзгiш, сонымен қабат, ылғалдандырылғанда жақсы нәтиже береді. Гостианум 237 сорты өсірілетін негізгі аудандарда бұл сорт қысқа төзгіш келеді және осы белгісі жағынан көп тарагаіr Украинка сортынан едәуір асып түседі. Республиканың батыс және солтүстік облыстарының қатал қыс жағдайларына онша көп төзе алмайды,

Гостианум кұйылып қалуға қарсы жеткілікті берік емес. Егін пісіңкіреп кеткенде дәнінің 20 процентіне дейіні: құйылып, ысырап болады. Сондықтан мұны дер кезінде орын алудың зор маңызы бар. Өнiмi гектарына 25 центнер және одан да жоғары болса, гостианум көбірек жатып қалады.

Бұл сорт кызылқоңыр татқа, орталық склеротинияға шамалы шалдығады. Аудандастырылған аймақтарында бұл сорт — ең өнімді сорттардың бірі. Мысалы, Талдықорған облысының, Сарканд сорт сынаушы тәлiмi участогінде 14 жыл бойы сынағанда оның орташа өнімі гектарынан 30, 3 центнер болып жүрді, яғни сорт сынаушы участок аймағында кең тараған Украинка сортының өнімінен гектарына 5,4 центнер асып түсті. Мұнда кейбір қолайлы жылдары Гостианум 237 сорты гектарынан 43,3 тіпті 52,5 центнер өнім беріп болып жүрді.

Жамбыл облысының Красногор сорт сынаушы тәлімі участогі гектарынан 24 центнер және одан да артық өнім алып келеді. 1952 жылы мұнда гектарынан 48,1 центнерден алынды. Жамбыл сорт сынаушы суармалы участогінде 14 жыл ішіндегі орташа өнім гектарынан 41,8 центнер болды, ал соңғы 5 жыл ішінде, шөптанатты ауыспалы егісті меңгеру арқасында бұл сорттың өнімі гектарынан 51,3 центнерге дейін артты. Гектарынан түскен ең жоғары білім 59,5 центнерге жетті. Сорт сынаушы участоктің мәліметтеріне қарағанда, Гостианум 237 сорты суармалы жерлерде кызыл бидай және жергілікті Беленькая сорттарынан өнімді гектарынан 4,4-5,8 центнер артық береді, ал Псевдо-Мериодиoнaлe 122-А сортынан гектарына 5,1 центнер өнімді кем береді (бірақ нандык сапасы жағынан одан артық келеді). Семей облысының

Үржар сорт сынаулы тәлімі участогі гектарынан 33,0 центнерге дейін өнім алып жүр.

Республиканың көптеген озат шаруашылықтары Гостианум 237 сортын кең көлемді жерлерге егіп, енімді мол алуда. Мысалы, Жамбыл облысының Свердлов ауданындағы «Трудовой пахарь» колхозындағы Ф. С. Золотарев жолдастың бригадасы 1952 жылы 31 гектар суармалы участоктің гектарынан 29,5 центнерден өнім алды. Жамбыл облысының, Шу ауданындағы «Новый путь» колхозындагы А. Әлиев к слдастын бригадасы 1952 жылы 336 гектар жерден 26,6 центнерден өнім алды.

Гостианум 237 сорты Жамбыл облысында тәлімі және суармалы жерлерде, сондай-ақ Талдықорған облысында (таулы аймақтағы аудандарынан басқасы), Шығыс Қазақстан облысының адырлы жэне суармалы аудандарында, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік және орталық аймақтарында өсіру үшін аудандастырылган.

Қызылбидай. Онтүстік Қазақстан облысының Бостандык, ауданынан шыққан, көптен келе жатқан жергілікті сорт.

Мұнда эритроспермумнің түр белгісі басым келеді. Масағы қылтықты, ақ, жапырағы түкті, дәні қошқыл қызыл. Ұны аз, және нандық сапасы орташа. Пісетіндігіне қарамастан, топырақтың және ауаның аңызағына төзімділігінің арқасында дәнінің жалпы салмағы 45-48 г. болып, жақсы толады.

Пісіп-жетілуі орташа Гостианумнан 3-7 күн кейінірек піседі. Қуаңшылыққа өте төзімді.

Құйылуға берік, сонымен бірге оңай бастырылатын сорт. Тәлімі жерде жатып қалмай тік өседі, комбайнмен жинауға әбден келеді. Суармалы жерде жатып қалғыш болады. Тозаңды қаракүйемен аз зиянданады, ал қатты қаракүйеге тез ұшырайды. Сары татпен зақымдалуы орташа болады.

Тәлімі аймаққа аудандастырылған Кызылбидай мол өнім береді. Оңтүстік Қазақстан облысының Георгиев сорт сынаушы участогінде аудандастырылған және өсірілетін басқа сорттардың ішінде түсімділігі жағынан Қызылбидай бірінші орын алады. Мұнда бұл сорттың түсімі бес жылдың ішінде гектарына 29,6 центнерден болды, бұл аудандастырылған екінші сорт – жергілікті ленгерлік сорттан 2,2 центнер көп. 1952 жылы сорт сынаушы участок гектарынан 41,8 центрнерден өнім алды. 1950 жылғы болған қатты қуаңшылық, жағдайдың өзінде Қызылбидай гектарынан 19,6 центнер өнім берді, бұл басқа сорттардың түсімінен 2,1—5,9 центнер көп.

Жамбыл облысының Красногор тәлімі сорт сынаушы участогінде де Қызылбидай ең түсімді сорт. 8 жыл бойына жүргізілген салыстырмалы сынауда оның түсiмдiлiгі Украинкадан 2,2 центнер артык түсті. Оның соңғы 5 жылдың ішіндегі түсімділігі орташа есеппен гектарына 35,7 центнерден, ал жағдайлы жылдары одан да көп 40, 6 (1949 жылы), тіпті 48,2 центнерден (1952 жылы) болды.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Красный Восток» колхозының егіс бригадасы 1952 жылы 100 гектар тәлімі участокке егілген Қызылбидайдың гектарынан 23 центнерден, Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Киров атындағы колхозда Атабаев жолдастың бригадасы 148 гектар тәлімі жердің көлемінен 25 центнерден өнім алған.

Красногор ауданы, Сталин атындағы колхозда Мурзашевтың бригадасы 82 гектар егіс көлемінен 27,7 центнерден өнім алған.

Жамбыл сорт сынаушы участогінде суармалы жерге егілген Қызылбидай жалпы алғанда мол өнім (гектарына 56,9 центнерден, ал 5 жылдың ішінде орта есеппен гектарынан 48,9 центнерден) бергеніне қарамастан, дегенмен аудандастырылған басқа сорттардан едәуір төмен өнім берді. Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл сорт суармалы және тәлімі жерлерге аудандастырылған.Тегіс жақсы өсіп шығады. Қыстың жылы жағдайын жаксы көтереді.

Қызыл бидай сорты Оңтүстік Қазақстан облысында ылғалы мол тәлімі жерге егілетін болып алды, бұл егістіңкөлемі Жамбыл облысында да осы жағдайда ұлғайтылуға тиіс.

Бұл сорт үшін ең жақсы агрокомплекс – алғашында гектарына 65 килограмм фосфор, 30 килограмм азот есебімен фосфор-азот тыңайтқышты енгізілген қара парға eгу деп білу керек, гектарына 150 — 180 килограмм мөлшерінде тұқым себу керек. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас агротехникалық, сорт сынаушы участогінің жүргізген тәжірибесі осыны көрсетіп отыр, мұнда Қызылбидай сорты кеңінен қолданылады.

 Кооператорка. Бұл сортты бұрынғы Одесса селекция станциясында (қазіргі Бүкілодақтық, селекшия-генетика институты) Херсон тәжірибе егістігінен әкелінген жергілікті Крымка (№15) сортынан жекелеп іріктеп алу әдісі арқылы А. А. Сапегин өсіріп шығарган.

Бұл — эритроспермумның бір түрі. Масағы қылтыкты, ақ, ұзындығы орташа (8-9 см), дәні көп (дәнінің саны 30 — 35) болады. Дәнi iрi (1000 дәннің, салмағы — 35—43 г.), қошқылқызыл, толық келеді. Осы сорт өсірілетін аудандарда дәні анызак елдер басталғанша толысып үлгіреді. Нандық саласы ортадан жоғары.

Бұл сорт — тез пісіп-жетілгіш. Оның артықшылығы — күзгі және жазғы қуаңшылықка төзімді келеді.

Құйылып қалуға да берік. Сорттың кемшіліктеріне — оруын механикаландыруды қиындататын жауын-шашыңды жылдарда жатып қалғыштығы және оған 50 процентке дейін қызыл-қоңыр, сары таттың жұққыштығы жатады. Тозаңды және қатты қаракүйеге, сондай-ақ ауыл шаруашылығының зиянды жәндіктерінің бүлдіруіне төзімді келеді.

Аудандастырылған аймақтарында бұл сорттан мол өнім түседі. Іле сорт сынаушы суармалы участогінде соңғы 3 жыл ішінде алғы дақылдың орнына егілген егістің гектарынан орта есеппен 32,3 центнерден, ал 1952 жылы — 42,2 центнерден өнім алынды. 11 жыл бойы салыстырып зерттеуде Кооператорка республикамызда көп тараған Украинка сортыннан гектарына 1,7 центнер өнімді артық беріп отырды. Қаскелең сорт сынаушы тәлімі участогінде 14 жыл ішінде Қооператорканың гектарынан орта есеппен 32,0 центнерден өнім алынды. Кооператорка жоғары агротехника қолданғанда жақсы нәтиже береді. Ауыспалы егісті, топырақ өндеу және айтқыш енгізу системаларын меңгеру нәтижесінде одан соңғы 5 жыл ішінде сорт сынаушы участок жерінің гектарынан орта есеппен 33,2 центнерден өнім алынды. Ең қолайсыз жылдардың өзінде оның енiмi гектарына 27,5 центнерден төмен түследі, ал жаксы жылдары — гектарына 46,9 центнерге дейін кетіп жүрді. Осы сорт сынаушы участоктің көпжылдық тәжрибесіне қарағанда, Қооператорканың өнімді Украинка сортынан 5,2 центнер артық беретіні анықталды.

Кооператорканың мол өнімді сорт екенін өндірістік мәліметтер де дәлелдеп отыр. Мысалы, Алматы облысы Алматы ауданының «Луч Востока» колхозынын бригадасы (бригадир Мищенко яколдас) 1952 жылы 101 гектар егісті әрбір гектарынан 24,8 центнерден алды.

Алматы облысы, Жамбыл ауданының Ленин атындағы колхозының бригадасы 29 гектар жердің гектарынан 37,0 центнерден өнім жинады. Алматы облысы, Жамбыл ауданының «Путь к социализму» колхозының Спиваков жолдас басқарған егіс бригадасы да 40 гектар жерден 27 центнерден өнім алып отыр.

Алматы облысында Қооператорка сорты тәлімі және суармалы жерлерде өсіру үшін аудандастырылған. Соңғы үш жыл ішінде Кооператорканың егіс көлемі едәуір ұлғайды, ал 1952 жылы оның сортты егіс ішіндегі үлес салмағы, 1950 жылғы 32,6 проценттің орнына, 51,6 процент болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға