Шай ішу мәдениеті

Шай ішу дәстүрі

Шәй – сергіткіш, жанды жадыратып, шөлді басатын сусын. Қазақ халқы үшін шайдың орыны бөлек. Өзге ұлттарда шай ішпейтін адамдар бар болуы мүмкін, алайда қазақ арасында шай ішпейтін пенделер кемде-кем. Жалпы шай ішу дәстүрі қайдан бастау алады? Шайдың қандай түрлері бар? Шайдың адам ағзасы үшін пайдасы мен зияны қандай?  

Шай ішу дәстүрі ежелгі Қытай елінен бастау алады. Аңыз бойынша желмен ұшып келген бірнеше шай жапырағы қытай императоры үшін дайындалып жатқан ыдыстағы қайнаған суға түсіп кетеді (б.з.д.VI ғасыр ). Сусын өзінің дәмімен және қош иісімен билеушіні қатты қызықтырады. Сол күннен бастап ол өзінің қол астындағыларға шай демдеп, оны ішуді бұйырады.

Ал Ресейге шай 1638 жылы келіпті. Орыс елшісі Стариков Мәскеу патшасына Монғол ханның сыйлыққа берген шайын әкеліп береді. Алғашқыда патша бұндай сыйлыққа қатты ашуланыпты. Бірақ кейін жаңа сусын патшаның көңілінен шығады.

Шай Жапонияға ХІІ ғасырда Қытайдан келіпті. Жалпы шайды  батыста «ти» десе, шығыста «шай» деп атайды.

Шайды сүйсініп ішетін ағылшындар әу баста  шайдың тұқымын Қытайдан ұрлап алған екен. Бір қытайлыққа көп ақша төлеп, одан шай әзірлеу технологиясын үйреніп алады да елге келісімен оны жариялап, таратады.

 

Шай ағашы

Шай бұтасы – күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері өткір тісті, ұзындығы – 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады. Шай өнімдерінің ішіндегі  ең бағалысы – бірінші және екінші бүрлері. Бірінші өнім, әдетте, ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады.

Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы – Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның Ассам ормандарында өседі. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінде Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жыл өнім береді.

Шай – байха (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш қара, көк шай. Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофеинге байланысты. Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл үйіретін дәм береді.

Шайды қалай демдеу керек?

Шай демдегенде ерекше бап қажет. Аққұманды қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай (2 стақан суға 1 шай қасық) салып, үстіне қайнап тұрған суды, әуелі аққұманның ½ мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып бұқтырып алғаннан кейін, аққұманды бүркеп сүлгімен не арнайы жұмсақ шүберекпен 5-7 минут тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шай түбіне толық тұнса, оның әзір болғаны деп біліңіз. Бұқтырылған шайды қыздырмайды, қайнатпайды және келесі күні шамбасына шай қосып демдемейді.

Ыстық шай ағзаға зиян ба?

Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс. Шай дайындау үшін суды ұзақ қайнатқан дұрыс. Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компоненттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айырылады. Шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлде болмайды. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.

Сондай-ақ бұл сусынды кішкентай шыныаяқпен ішу керек. Сонда шайдың керемет дәмін шын мәнінде сезінуге  болады екен.

 

Қандай кезде шай ішпейді?

Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зерттеуші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.

1. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.

6. Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді.

7. Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.

8. Дәріні шаймен ішпейді. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. «Шай дәріні бұзады», – дейді ежелгі қытай ойшылдары.

Шайдың жеті түрі бар

Көк шай – шай жапырағының күн көзіне кептірілген түрі.

Сары шай – өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындау тәсілін қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.

Улун шайы – жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.

Қызыл шай – (бізше қара шай) күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген.

Қара пуэр – тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздапты.

Пуэр –  уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.

Гүлді шай – гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.

Шайдың емдік қасиеттері

Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.

Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы тамызылған қара және көк шай қоспаларының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, конъюктивит кезінде көзді жууға болады.

Жас шай жапырағының шырынымен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау – жүрек айнығанды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Шайды тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Таңертеңгілік және кешкі уақытта тіс тазалар алдында шай тұнбасымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.

Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді. Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады. Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды. Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар деп, оны бет-алды іше берсең, шай өңіңді өзгертіп, ұйқыңды қашырады. Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады. Шайды асықпай, ұрттап ішсе ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды. Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.

Шайдың пайдасы

Шайдың құрамында 200-ге тарта биологиялық белсенді заттар бар. Олардың кейбірі шайға сүт қосылған кезде еш пайда бермейді немесе кері әсер етуі де мүмкін. Бұл мәселе төңірегінде үлкен, ауқымды зерттеулер жүргізілмеген. Сол себепті де мамандардың арасында әр түрлі тұжырымдар бар.

Шай адам ағзасының кейбір мүшелері үшін пайдалы. Мысалы, көзге жіне ойлау жүйелеріне. Шай ішкен кезде адамның ойлау жүйесі мен есте сақтауы азда болса артады, шығармашылық ой-өріс оянады. Сондай-ақ, шай адамға психикалық ауыртпалықтар (депрессия) түскен кездерде оны жеңілдетуге тырысады.

Кімдерге шай ішуге болмайды?

Шайдың пайдасы болғанымен, үлкен сақтықты қажет ететіні бар. Мысалы, кей адамдар үшін шай ішпеген жақсы немесе күнделікті пайдаланатын сусындар тізімінен алып тастағаны абзал. Жүкті әйелдер үшін шайды өте аз мөлшерде, мүмкін болса, тіпті ішпегендері дұрыс. Шайдың құрамындағы кофеин іштегі ұрықтың дамуына кері әсер етеді. Жапон зерттеушілерінің дерегі бойынша, 5 шыны аяқ қою шайдың құрамындағы кофеиннің мөлшері іштегі баланың салмағының жетпей туылуына себеп бола алады екен.

Атеросклероз (артерияның созмалы ауруы) ауруымен ауыратындар мен қан қысымы бар (гипертония) адамдар үшін қара шайды ішпеудің пайдасы мол. Әсіресе, аурулары өршіп тұрған кездерде қара шай ішуге болмайды. Өйткені, шайдың құрамындағы кофеин мен теофиллин науқас адамның орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Ұйықысыздыққа тап болып, түнді ұйқысыз өткізетіндер үшін кешкі 18-ден кейін шайды ішуге болмайды. Шайдың құрамындағы кофеин мен хош иісті заттар ұйқыны қашырады.

Қою қара ыстық шай шөлді басадыдеген түсінік бар. Алайда, тек қана шөлді басып қана пайдалы жағымен көрінбейді, сонымен қатар құрамындағы теофиллин арқылы адамның дене температурасын арттырып жібереді.

Шайды қай кезде ішуге болмайды?

Аш қарынға шай ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.

Шайды өте ыстық кезінді ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ары қарайғы ас қорыту жолдарын күйдіреді.

Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Ол дәрінің күшін жояды.

Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы тиіс.

Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алағашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал одан кейінгісін де 10% пайдалы заттарды ала аласыз.

Көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ашы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болады.

Ұқсас материалдар