Жаңалықтар

Бюджетке ең көп салық төлейтін қай қала?

Қазынаға 457 млн. теңге құйған шаһарды білесіз бе? 
Бюджетке ең көп салық төлейтін қай қала?
04.05.2017 16:29 6947

Қазақстан экономикасының дамуында Алматы қаласының орны ерекше. Республикалық бюджетке салық түсіру жағынан ешбір аймақ онымен таласа алмайды. Оны ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің есебінен айқын аңғаруға болады. Мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуі қаңтар-наурыз айларында 1 млрд. 696 млн. теңгені құраса, ондағы Алматы қаласының үлесі 457 млн. теңге көлемінде болып отыр. 

LS қаржылық журналының мәліметтеріне қарағанда, төлемдерді қоспағанда бюджетке түскен салықтың өзі алғашқы тоқсанда 1,2 триллион теңге болып оның 419 млрд. теңгеге жуығы Алматының  үлесіне тиген. Салық жинау жағынан Алматы өзін өкшелеп келе жатқан Атырау облысынан 158 млрд. теңгеге, Астана қаласынан 198 млрд. теңгеге, ал тізімнің ең соңында тұрған Ақмола облысынан 389 млрд. теңгегеге дейін алда тұр. Осы арада Алматыдан жиналған салықтың 76 пайызы республикалық бюджетке аударылғанын да айта кеткен жөн шығар. Атырау облысы мен Астана қаласында оның үлесі 76 пайызды құрап отыр.

Жинаған салығының Батыс Қазақстан облысы 30 пайызын, Ақтөбе облысы 31 пайызын, Шығыс Қазақстан облысы 32 пайызын, Маңғыстау облысы 36 пайызын, Оңтүстік Қазақстан облысы 38 пайызын, Қостанай облысы 41 пайызын, Ақмола облысы 45 пайызын, Қарағанды облысы 48 пайызын, Алматы облысы 56 пайызын, Павлодар облысы 63 пайызын жергілікті бюджетке түсіреді екен. Ал оның үлесі Алматы қаласында 22 пайыз, Атырау облысы мен Астана қаласында 24 пайызды құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға