Жаңалықтар

Шаңғы жарысын отандасымыз 32-орынмен аяқтады

Шаңғы жарысын отандасымыз 32-орынмен аяқтады
06.02.2022 15:50 1968

Бейжің Олимпиадасында шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы скиатлон (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 шақырымға созылған жарысқа Қазақстан атынан екі шаңғышы қатысқан болатын. Қазақстандық Виталий Пухкалов төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, 32-ші орынға тұрақтады. 

Ол жеңімпаздан 7 минут 35 секундқа қалып қойған. Тағы бір спортшымыз Евгений Величко жарысты аяқтай алған жоқ. Скиатлоннан Олимпиада чемпионы атағын ресейлік Александр Большунов жеңіп алды.

 Күміс медальді оның отандасы Денис Спицов иеленсе, қола медальді финляндиялық Ийво Нисконен еншіледі. Шаңғы жарысы: Скиатлон. Ерлер. 30 км (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) 1. Александр Большунов (Ресей) — 1:16:09,8 2. Денис Спицов (Ресей) — +1:11,0 3. Ииво Нисканен (Финляндия) — +2:00.2 32. Виталий Пухкало (Қазақстан) — +7:35,3

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға