Жаңалықтар

Серік Жарасбаев ұлттық құраманың қысқы Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

Серік Жарасбаев ұлттық құраманың қысқы Олимпиадаға дайындығы туралы айтты
26.01.2022 16:20 1699

Орталық коммуникациялар алаңында Ұлттық құраманың Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы брифинг өтуде.

Олардың дайындықтары туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты. 

XXIV  қысқы Олимпиада ойындарына аз уақыт қалды. Олимпиада Бейжің қаласында ақпанның 4 мен 20  аралығында өтеді. Оған біздің ұлттық құрама барынша дайындық үстінде. Олимпиадаға дайындалу үшін Үкімет барлық жағдайды жасады. Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесе отырып, бірнеше жиналыс өткізді. Нақтырақ айтсақ, ел спортшылары қысқы спорттың 8 түрінен 78 лицензия алған болатын. Барлығы 34 спортшы. Өңірлерге бөліп қарастырсақ, ең көбі Алматы облысының спортшылары, - деді Серік Жарасбаев.

Сонымен қатар вице-министр қазіргі таңда біздің спортшылар бірнеше топқа бөлінген атап өтті. 

Бірінші топ еуропада дайындалып жатыр. Олардың еуропадан Бейжіңге тікелей бірден баруын шешіп жатырмыз. Ал басқа топтар елордамыздағы Алау мұз айдынында «бабл» жүйесінде дайындалуда. Олар шорт-трек пен коньки тебушілер, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

baq.kz


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға