Жаңалықтар

Конькиші Надежда Морозова Олимпиаданы аяқтады

Конькиші Надежда Морозова Олимпиаданы аяқтады
05.02.2022 16:49 1796

Бейжіңдегі өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькишілер мұз айдынға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дода аяқталғаннан кейін спортшы бүгінгі нәтижесін қорытындылап берді.

Бұдан да жақсы, бұдан да жылдам нәтиже көрсеткің келеді. Барлық күшімді 1500 м қашықтыққа салатын боламын. Бейжіңдегі мұз айдыны біз үшін ыңғайлы. Біз дәл қазір бар күшімізді салып, қолымыздан не келетінін көрсетуіміз керек. Мен Калгариде осы қашықтықты 4.01 нәтижесімен аяқтаған болатынмын. Бұл жолы - 4.04. Тауда орналаспаған мұз айдынындағы бүгінгі нәтиже жақсы көрсеткіш деп ойлаймын, - деді Надежда Морозова жарыстан кейін. 

Айта кетерлігі, Надежда Морозова бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша 13-ші орынға тұрақтады. 

baq.kz


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға