Қандастар Ассамблея

Біздің елде қысқы спорт ойындарын дамыту үшін инвестиция қажет – Крюков

08.02.2022 501

Бұл туралы Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты. 

Мен нәтижелер бойынша қорытынды шығаруға асықпас едім. Әрине, біз жоғары нәтиже күттік. Қазір біз тек могул бойынша ғана айта аламыз. Шорт-тректен нәтиже өте жақсы болды. Олимпиада аяқталғанша дейін нәтиже шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Біздің елде қысқы спорт ойындары Австралия сынды елдерде дамуы үшін ең алдымен қондырғы, инвестиция қажет. Бізде 6 адам қайта маманданды. Олардың барлығы өңірлерден, - деді ол.

Крюков атағандай, өңірлерде спорт қажетті деңгейде, тұрақты дамитын болса, қатысушылар көп болатын еді. 

Біз кейбір спорт түрдері бойынша ілгерілеу бар екенін көреміз. Өте көп іріктеуді 5 ел ғана көрсетті. Сондықтан бұл жердегі мәселе өте күрделі. Спортқа инвестиция, мемлекеттің ниеті мен өңірлерді тарту керек. Қондырғылардың да технологияланауы маңызды. Себебі спортшы жаттығу да жасайды, сыртқы ортаның әсерімен де күреседі. Сондықтан ғимараттың іші мен тауда, далада жаттығу жасаудың да айырмашылығы бар, - деді Андрей Крюков7

baq.kz

Ұқсас материалдар