Жаңалықтар

Бейжің Олимпиадасына елімізде қанша ақша бөлінді?

Бейжің Олимпиадасына елімізде қанша ақша бөлінді?
26.01.2022 16:37 1965

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында еліміздегі ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков хабарлады. 

Оның айтуынша, Бейжің Олимпиадасына бөлінген қаражат жоспарланған қаражаттан азырақ.

Бейжің Олимпиадасына шамамен 250 млн теңге жоспарланды. Алайда сома біршама азырақ – 220 млн теңгені құрайды. Өйткені делегацияға құрамының санын ұйымдастырушылар қысқартып отыр, - деп атап өтті Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы.

Сонымен қатар ол жазғы олимпиаданың қорытындысы бойынша жемқорлық тәуекелдердің тексерілуіне қатысты пікір білдірді.

Тексеру барысында ҰОК жұмысында қаражатты ұрлау, оны қисынсыз қолдану секілді әрекеттердің анықталған жоқ. Жемқорлық тәуекелді болдырмас үшін реттелген процессуалдық шешімдер де бар, - деді  ҰОК бас хатшысы.

baq.kz


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға