Жаңалықтар

Бүгін керлингтен іріктеу кезеңдері басталып кетті

Бүгін керлингтен іріктеу кезеңдері басталып кетті
02.02.2022 11:32 1678

Бүгін Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекесі басталды, деп жазады Olympic.kz. 

2 ақпан күні керлингтен дабл-микст бойынша топтық кездесулер өтті. 

Бірінші жарыс күнінде Ұлыбритания мен Швеция, Австралия мен АҚШ, Норвегия мен Чехия, Қытай мен Швейцария арасында матчтар ұйымдастырылды. 

Керлингтен дабл-микст бойынша он құрама команда жүлдеге таласады. Бірінші айналымнан соң төрт үздік команда жартылай финалға жолдама алады. 

Финал және қола медаль үшін кездесу 8 ақпанға жоспарланған. 

baq.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға