Жаңалықтар

Ашылу салтанатындағы шоуға 3 мыңнан астам актер қатысуда

Ашылу салтанатындағы шоуға 3 мыңнан астам актер қатысуда
04.02.2022 18:54 1144

Қытай астанасында қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Қойылымға әйгілі режиссер Чжан Имоу жетекшілік еткен.

Төртжылдықтың дүбірлі додасының шымылдығын ашу рәсімі өткізілетін жер   ретінде таңдау Бейжіңдегі ұлттық стадионға түскен. 2008 жылы өткен Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуы осы стадионда өткен еді. Алайда аталған спорт нысанында бұл жолы қысқы жарыс өткізілмейді. 

Шоуға 3 мың актер қатысуда. Алайда коронавирусқа қарсы қатаң іс-шараларды ұстану үшін қойылым қатысушыларының саны барынша қысқартылған. Қытай мәдениетімен таныстыру үшін арнайы дайындалған музыка, ән мен би, отшашу қолданылуда. 

Бейжің Олимпиадасының тағы бір ерекшелігі – дүбірлі сайыстың Қытайдың Жаңа жылы және ұлттық Көктем мерекесімен тұспа-тұс келуінде болып отыр. 

Еске сала кетейік, Олимпиадаға қатысушылар мен бапкерлерге роботтар қызмет көрсетіп жатыр. Олар қонақ үйге жайғасқан адамдарға керек-жарақтарын жеткізіп береді.

baq.kz

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға