Жаңалықтар

«Ұлттық құрама спортшыларына барлық жағдай жасалған»

«Ұлттық құрама спортшыларына барлық жағдай жасалған»
26.01.2022 16:32 1209

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің спортшыларымызбен және команда капитанымен кездесіп, туды тапсыру рәсімін өткізді. Оған біздің Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова қатысқан болатын. Қазіргі таңда ұлттық құрама сапындағы спортшыларға барлық дерлік жағдай жасалған. Біз барлық Ұлттық құрама спортшыларынан үміт күтеміз. Олимпиадаға бару дегеннің өзі - арман. Сондықтан бәріңізді жанкүйер болуға шақырамын, - деді вице-министр.

Еске салайық, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың Бейжің қаласында, 2022 жылдың 4 мен 20 ақпан аралығында өтеді. Онда жалпы саны 109 медаль сарапқа салынады. Жарыстар Бейжің қаласынан бөлек қасындағы Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да болады.

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға