Қандастар Ассамблея

Жезді кентіндегі ашық аспан мұражайына фотосаяхат

03.11.2014 9587
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында Жезді кенті бар. Жездінің өз мұражайы бар және бұл ерекше мұражай. Ел.кз редакциясы аталмыш музейге барып, арнайы фоторепортаж әзірледі.

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында Жезді кенті бар. 1942 жылы пайда болған бұл елді-мекеннің халқы 2 500 шамасында. Халық саны аздау, қарапайым кент болғанымен, Жездінің өз мұражайы бар және бұл ерекше мұражай. Ел.кз редакциясы аталмыш музейге барып, арнайы фоторепортаж әзірледі.  

Тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы 1994 жылы құрылған. Мұражай экспонаттарының негізгі бөлігі ашық аспан астында орналасқан және олардың дені тау-кен және балқыту ісіне арналған. Ғимарат ішінде өлкенің тарихы жайлы мұра көрсетілген.

1944 жылы мұражайдың ашылған күні мұражайға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев арнайы келіп, музейдің ұйымдастырылуына жақсы баға берді. Президент сондай-ақ, ежелгі мыс балқыту пешінің макетінде ежелгі әдісті қолдана отырып, балқытылған мыстан экспонат жасады. 

 Мұражайға кіреберістегі көрініс.

Көмір комбайны. Қарағанды.

Бұрғылауыш агрегат ЗИФ-650 М.

Лондонда жасалып, Қазақстанға арнайы әкелінген маховик.

Өлкеге алғаш әкелінген алғашқы доңғалақты ХТЗ тракторы. 1930 жыл.

Байқоңыр өзені (Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) бойындағы жартастарға салынған петроглифтердің дәлме-дәл көшірмелері.

Ежелгі кен балқыту пеші.

Ежелгі кен балқыту пештерінде отын ретінде қолданылған сүйектер. 

Танкетка. Бұлай аталу себебі сыртқы пішінінің әскери танкіге ұқсағандықтан, шын мәнісінде бұл техника геологиялық барлау жүргізуге арналған.

 Өңірге келген алғашқы бу машинасы. 

Дархан Өмірбек

Астана - Жезді - Астана

Ұқсас материалдар