Қандастар Ассамблея

Жер реформасы туралы Комиссияның ұсыныстары Парламентке енгізіледі

14.05.2016 1714
Жер реформасы туралы Комиссия отырысы

Дәл қазір Жер реформасы жөніндегі Комиссия мүшелері белгіленген регламент бойынша,  5 минут сөз алып, өз ұсыныстарын айтуда. Жиынға төрағалық етіп отырған ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев бүгін айтылған барлық пікірлер ескерілетінін және Парламентке енгізілетінін айтты.

«Елбасы жер реформасы туралы комиссияны құруды тапсырған кезде, оның негiзгi мақсаты ретiнде халықпен санасуды, ұсыныстарды жинап, талқылау екенін айтты. Комиссия жұмысының қорытындысы Парламентке енгiзiлетiн болады. Яғни, комиссияның құзыретi осында. Бiрге талқылаймыз, қисынсыз жерлерi болса жөндеймiз, сосын Парламетке өткiземiз. Бүгiнгi жұмысымыз осы. Әрбiр сұрақ бойынша жұмыс топтары құрылады. Келiсе отырып, бiр мәмiлеге келген кезде Парламентке өткiземiз. Яғни, Парламентке бұндай ұсыныс жасауға бiздiң құзыретiмiз бар», - деді Б.Сағынтаев.

Ұқсас материалдар