Қандастар Ассамблея

Жеңісті жақындатқан Ақмолалық өрендер

26.02.2015 6609
Ұлы Отан соғысына 9783 ақмолалық аттанып, оның 7414 от құшағынан оралмаған. Қәзір облыста 228 Ұлы Отасоғыс ардагерлері тұрып жатыр.

Ұлы Отан соғысына 9783 ақмолалық аттанып, оның 7414 от құшағынан оралмаған. Қәзір облыста 228 Ұлы Отасоғыс ардагерлері тұрып жатыр. Оның 72 Көкшетау қаласында. Ақмолалықтардан Кеңес  Одағының Батыры атағымен 47, жауынгерлік «Даңқ» орденнің үш дәрежесімен 7 жауынгер сыйланған.

Ақмола және орталық, солтүстік облыстардан 1941 жылы 29, 310, 387 –атқыштар, 106 атты әскер дивизиялары жасақталыпты.

387 –дивизия Сталинградты қорғап, генерал-фельдмаршал Манштейннің атақты «Дон» құрмасын талқандауға қатысады. 29-атқыштар дивизиясы фельдмаршал Паулюстың құрамасымен соғысып, 1943 жылы қаңтардың  10-31 аралығында жаудың 52 мың солдатын жойып, 13 мың адамы және 2 генералын тұтқындаған. Дивизия Румыния, Трансильания, Венгерия, Австрия, Чехославакияны азат етуге қатысқан.

Қәзір облыс аумағында үш жүздің үстінде, Көкшетау қаласында жүзге тарта соғыс ардагерлері жайлы тұрмыс кешіп жатыр.

Рейхстагқа ту тікен Рахымжан Қошқарбаев

Ерлігі аңыз, өмірі дастан, есімі жатталған ағалар..

Соғыста ақырына жетіп. Фашистердің соңғы демі Рейхстагтың көк түтінге оранған биік мұнарасына ғана тіреліп тұрды. Жау ақырғы тұяқ серпілісін жасап жанталасқан кез. Әр майдангердің кешегі арманы соғыстан еліне аман қайту болса, бүгінгісі қайтседе елден ерек шығып Рейхстагқа жеңіс туын желбірету болды. Міне осы көптің арманын қазақтың кеудесін оққа тосқан қазақтың қайсар, өжет  ұлы Рахымжан бірінші болып орындап кетті.

Соғыстың дала күнделігінде:- Қызыл Армияның 150 атқыштар дивизиясы, 674 атқыштар полкінің лейтананты Р. Қошқарваев және сарбаз  Г. Булотав Рейхстаг ғимратының ортаңғы бөлігінің бас қақпасына 1945 жылы сәуірдің 30 күні 14 сағат 25 минутында  қызыл жалау тікті-деп таңбаланған. Жалауға ту тігушілер: « 74 полк, 1 б-н. Л-т Кошкарбаев, қызыл әскер Булотав» -деп, аты жөнін  жазады. Полк командирлері бұл екеуінің ерлігін жоғары бағалап Кеңес Одағының батыр атағына ұсынады.  Бірақ шовонистер оларды ұсақ ұлтқа балап қызыл ту орденімен шектейді. Рахымжан ағамыз соғыстан кейін Алма-Ата  ресторанында басшы болды. Батыр ағаға Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылығы 7 мамырдағы жарлығымен «Халық қаһарманы» атағымен силанған.

 Даңқты ұшқыш Талғат Бигельдинов

Қазақстан Республикасының авияация генерал-майоры Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов 1922 жылы Май-балық ауылында дүниеге келген. Талғат Саратовпен Оренбург соғы авиация училищесін тауысып, 1943 жылдың қаңтарында Калинин фронтының 296 дивизиясы, 800 полкінің Ил-2 ұшағына ұшқыш болып соғысқа кіріседі.

Ол әуе соғысына 200 рет қатысқаны үшін 1944 жылдың 26 қазанында Кеңес Одағының батыры атағын  бірінші мәрте, 305 реттен көп ұшып , көк жүзінде 500 сағаттан артық атой салып 1945 жылы 27 маусымда екінші рет алады. Фашистер Талғат мінген ұшақты « қара ажал» атаған. Талғат аға сонда 23 жаста екен. Батыр аға соғыс жолын 1945 жылдың 24 маусымдағы жеңіс парадымен аяқтайды. Әуе соғыс акеадемиясын 1950 жылы бітіріп, Кеңес одағының Қарулы күшінде қызмет еткен. 1956 жылы « МиГ» әскери ұшағын сынап жүріп, апатқа ұшырап, денсаулығына байланысты запасқа шығады.

Батыр аға «Илдер шабулдайды», «305» және «Әуедегі қорғаныс» кітаптарының авторы. Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар мектебіне  батырдың есімі берілген.  Көкшетау қаласында 2000 жылы ескерткіші орнатылды.

2014 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов

Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманының № 1 иегері Сағадат Нұрмағамбетұлы Ақмола, облысының Қосым ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1942 жылы  рота, батольон басқарған. Пенде болғанның өзіне тән арманы болады. Сағадат ағаныңда арманы жасында география  және тарих пәннің мұғалімі болу екен.

Бірақ тағдыр балаға емес, жастарға, кемеліне келгендерге ұстаз болуды жазыпты. Қатардағы сарбаздан, армия генаралына дейін өсті... Ол Берлинге жасы 20 сәл асқан комбат болып кіреді. Батьлон 4 рота және артилериялық батерея, шаруашылық взводын қамтыған 300 адамнан тұрады. Айтуға оңай, көзге елестетіп көріңіз. Өзі соғыс кезі болса...Ойлауға минут, шешімге секундт жетпейтін кез.

Кеңес Одағының батыры атағын фашистердің орасан көп күші шоғырланған Польшаның Выборув селосын азат ету шайқасында пулеметшылар ротасын басқарып кіріп, ерен ерлік көрсеткені үшін алған. Сағадат батырдың есімі Астанадағы « Жас ұлан» әскери мектепке берілген. Өзінің туған жері ақкөл ауданында мұражайы бар.  Сағадат Қожахметұлы өмір бойы адалдықпен ар-ожданның құлы болып, елдік намысты жоғары ұстаған қазақтың рухы асқақ ұлдарының бірі.

 Батыр, ғалым Мәлік Ғабдуллин

Ерлік ақылмен, ақыл санамен келеді. Санаңыз жетілсе – ғалым. Ерлік пен ақыл ұштасса батыр боласыз. Міне тең тастаған тұлпар дың төрт тағанындай батырлық пен ғалымдықты бойына жиған қазақтың бір туар ұлдарының бірі Мәлік.  Мәлік 1915 жылдың 15 қарашасында Ақмола облысының Зеренді ауданы Қойсалған ауылында дүниеге келген. Мәлік аға 1941 жылы Алматыда жасақталға атақты И. Панфилов бастаған екпінді 8-ші дивизиясында, политрук, полк комиссары болып соғысқа қатысты.  Москваны қорғағаны үшін «Қызыл жұлдыз» « Қызыл ту» ордені 1943 жылы асқан ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атағын алған.

Қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зертеушісі, филология ғылымдарының докторы, КСРО Педогика Ғылым академиясының академигі, еңбек сіңірген ғалым қайраткері...

Көкшетау қаласында батырдың ескерткіші және мұражайы бар.

М. Ғабдуллиннің 2015 жылы болатын 100 жылдық мерейтойын Көкшетаулықтар ЮНЕСКО -ның атаулы күндерінің тізбесіне кіргізуді қолға алып,  айтулы мерекесіне қызу дайындалып жатыр.

«Жас қазақ» әнінің авторы Рамазан Елебаев

Ұлы Отан соғысында 425 мың қазақ опат болыпты. Соның біріде, бір егейі 21 жасар Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров. Ол ішінен жаралансада, ішегін сүйретіп жүріп, жекпе жекте неміс офицерін ұрып жыққан жүрек

жұтқан батыр еді. Төлеген досының қаһарман ерлігіне бас иген майдандасы Рамазан Елебаев «Жас қабірдің басында» деген ән арнаған. Бұл әннің сөзін кейін жазушы Ғ.Мұстафин өңдеп «Жас қазақ» деп атады. Әнші, компазитор Р. Елебаев Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы «Құдық ағаш» ауылының тумасы. Осы ауылда батыр атында мектеп бар.  Ол 1910 жылы туып, 1943 жылы Ресейдің Псков облысының жерінде ерлікпен қаза болған. Атақты 8- екпінді гвардиялық панфилов дивизиясының жауынгері. Екі реткі соғыс қызыл ту орденнің иегері. Өмірден жас кетседе, өшпестей із қалдырып «Жас қазазақ» «Бақыт жолында» және «Талғар полкның маршы»  әндерін жазған.

 Оқ боратқыш «Катюша»-ның командирі Ақтан Төлебаев

Ақмолалық өрендердің арасында жауға аждақадай тиіскен, атақты от боратқыш «Катюшалар» батерясын басқарған, өз ісінің білгірі, техникаға алғыр қазақ офицері майор Ақтан Төлебаев есімді жас командир болғанын біреу білсе, біреу білмес. «Катюша» атанған оқ боратқыш,  оқ тұмсық  алғашқы кезде Кеңес одағының бас қолбасшысы В. Сталиннің жеке  резервінде, өте құпия, қажетті жағдайда ғана соғысқа кіріскені белгілі. А. Төлебаев соғыс аяқталар алдында Польшада өткен Кеңес әскерлері құрамасының ең таңдаулы артеллерия бөлімшелерінің байқауына қатысады. Маршал Қонаевтың ұтымды сұрақтарына, дәлме дәл ұтқыр жауап беріп, стратегиямен тактиканы мүлтіксіз ұштастырған офицерлік алғырлықтың үлгісін көрсетеді. Қазақ офицерінің осы бейнесі Маршал Қонаевтың көкейінде сақталып қалса керек. Соғыстан кейін Кремьлдің Съездер сарайында А. Төлебаев маршал Қонаевқа кезігіп, әскери ғұрыппен сәлем береді. Маршал офицерін  бірден танып, «Жеңісті әкелген өрендерім»-деп арқасынан қағып, көпшіліктің алдында мерейін көтереді.

 Бұл ақмолалық өрендердің ерлігінің бір парасы ғана... Айтылмаған, жазыл маған өрендер қаншама. Ерлігін тек «Аллаһ» қана біліп, айқындайтын қанша қаһарман боздақтар елеусіз, қыршын кетті...  

Солдан оңға қарай: бірінші қатар - Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов және Ақтан Төлебаев; екінші қатар - Рахымжан Қошқарбаев, Мұзафар Жұмағожин, Әлкен Айнабеков 


Дахан Шөкширұлы Жәмші

Ұқсас материалдар