Қандастар Ассамблея

Жеңіс парадының төртеуіне қатысқан жалғыз қазақ!

27.04.2015 3945
Жеңіс парадының төртеуіне қатысқан жалғыз қазақ!

Соғыс біткенне соң, соғыста қираған елді мекендерді қалпына келтіру кезеңі елуінші жылдың орта шенінде  аяқталды.  Осы кезден бастап Қазақстанда тың игеру науқаны басталды.  Кеңес Одағының түпкір түпкірінен тың игеруге лек легімен еріктілер келді. Солардың ішінде соғысқа қатысқан майдангерлер көп еді. «Ақмолалық майдангерлер» топтамасының жетіншіі санында сол лекпен келіп, еңбекте ерен екпінділік танытып, Социалистік Еңбек ері атағын алған, майдангерлер жайлы сыр шертеміз.  Еңбек ері атағын беру, қашан басталғанына, сәл тоқталайық.    Социалистік Еңбек Ері атағы, атақ беру ережесі СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылғы 27 желтоқсандағы Жарлығымен бекітіліпті. Ережеде «Социалистік Еңбек Ері атағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда аясындағы ерекше жаңашыл қызметімен көзге түскен, совет мемлекеті алдында ғылыми жаңалық және техникалық жаңалық ашып ерен еңбек еткен, халық шаруашылығы, ғылым, мәдениеттің көтерілуіне, СССР-дің абройы мен даңқының өсуіне қатысқан тұлғалар иеленеді» делінген. Бұл еңбек ері атағымен Н.С. Хрущев, Л. Брежнев, Д. Қонаев сынды басшылар бір емес, бірнеше рет марапатталғанын білеміз. Біз бұл топтамада тек ақмолалық соғысқа қатысқан майдангерлердің, тың игеруге қатысып, ерен еңбектің үлгісі болып Социалистік Еңбек Ері атанғандары жайлы таныстырамыз.

Ел ағасы,  абыз ақсақал Баян Жанғалов.

Баян Жанғалов 1914 жылғы 22 шілдеде Ақмола облысы Зеренді ауданы Жамантұз ауылында туған. Ол еңбек жолын 1931 жылы ауыл кеңес хатшысы болып бастады. . 1952 жылы Алматыдағы Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында И.Панфилов атындағы 8 гвардиялық дивизия құрамында Сталинград, Харьков, Курск, Прибалтика майдандарында шайқасқан. Соғыстан соң тың игеруге белсенді араласқан. 1956 жы­лы, Рузаев аудандық атқару ко­ми­тетінің төрағасы кезінде, Социалистік Ең­бек Ері атағына ие болады. Осы жылы Рузай ауданы мемлекет қамбасына 35 млн. пұт астық тапсырды. Осы нәтижеге жетуде Баян Жанғалұлы ауданды шебер ұйымдастыра білген. Бұл нәтиже сол кезде КСРО-да екінші, Қазақстанда бірінші көрсеткіш деп, бағаланыпты.

Баян Жанғалов 1970-1980 жылдары Зеренді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметті абыройлы атқарады. Осыдан  кейін зейнет демалысына шық­қанға дейін партия-кеңес орган­дарында қызмет етті.  2013 жылғы 30 қаңтарда, 99 жасқа қараған шағында белгілі саяси және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Ақмола облысының Құрметті азаматы Баян Жанғалұлы Жанғалов  өмірден озды. Баян Жанғалов екі мәрте Ленин, «Бірінші дәрежелі Отан соғысы», «Еңбек қызыл ту», «Қызыл жұлдыз», «Құрмет», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордені және соғытағы ерлігі үшін екі, бейбіт өмірдегі еңбегі бірнеше медальдармен силанған. Ақмола облысының құрметті азаматы.  Қоғам қайраткері. Соғыс және еңбек ардагері.

Жеңіс парадының төртеуіне қатысқан жалғыз қазақ

Серғазин Шайдахмет 1920 жылы Павлодар облысы  Бесқарағай ауданы Семиярский  ауылында дүниеге келген. Еңбек  жолын  1940 жылы бастаған.  Қазақстанның  Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда , Алматы, Шымкент, Семей облыстарынан іріктеліп Ақтөбе қаласында 1941 -1942 жылдың сәуір айында   құрылған, ұлттық 101-дербес атқыштар бригадасының саяси бөлім бастығының комсомол жұмысы жөніндегі көмекшісі болып, соғысқа аттанады. Олар мінген эшелон 1942 жылдың мамырында Ржев қаласының түбіндегі Погорелое қалашығына келіп, ұрысқа кіріседі.  Шайдахмет Витебск, Великие Луки, Полоцк, Псков, Невель бағыттарындағы жиырма ай бойы кескілескен ұрыстарға қатысады. Осы бригада жаынгерлері арасында   ұлтымыздың мақтанышына айналған академик Сақтаған Бәйішев, Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, Мұзафар Әлімбаев  полковник Әбілқайыр Баймолдин, Социалистік Еңбек ері атанған полковник  Шайдахмет Серғазин сияқты майдангерлер болыпты. Гвардия майоры Шайдахмет Жеңіс парадының төртеуіне қатысқан жалғыз қазақ . Соғыста бірнеше орден медальдармен марапатталған.  Соғыстан соң Ш. Серғазинді Қазақстан КП ОК жаңадан ұйымдастыр ылған тың  совхозына жібереді.  Ол тың игеру басталғанда  1954 жылдың сәуірінде Красногвардейский  совхозының партия ұйымының хатшысы , кейіннен Ақмола облысы Есіл аудандық атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. 1957 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Ардагердің фото  бейнесін іздедік, таппадық.

Өз тракторымен барып соғысқан Манаш Құлышев 

Құлышев Манаш 1908 жылы Көшетау облысы Көшетау ауданы Қараөзек ауылында бай бақуатты отбасында дүниеге келеді.  Бірақ сол байлықтың несібесі, Манаш оның әкесә Наби Құлмағанбетовтардың маңдайына бұйырмапты. Колхоздатыру жылдары, тәркілеуге ұшырап, жер аударылады. Бірақ,Манаш екі інісімен қашып кетеді. 1929 жылы Манаш Көкшетау жылқы зауытына жылқышы болады. Тапқа тартып,елді ала тайдай бүлдірген, шолақ белсенділердің ішіндеде, құдайға қараған жандар болады. Сондай жанның бірі жылқы зауытының басшысы Смирнов деген, қашқындарға өз тектері Құлмағанбетовтың орнына, Құлышев деп,   тегін ауыстырып жазып, анықтама береді. Осылай Манаш Құлмағанбетов –Манаш Құлышев болады. Манаш токтаршы оқуынын бітіреді.  Тракор айдайды. Соғыс басталғанда Манаш өзі айдап жүрген ЧТЗ -60 тракторы алып, эшоланмен соғысқа аттанады.  Ат басын батыс майданына тіреген Манаш аға, сұрапыл соғыс жолын, сол шынжыр табанымен басып өтеді. Соғыс біте Манаш сол баяғы тракторын эшалонға артып, қиыр шығысқа, жапондармен соғысуға барады. Немісіке, жапонды қосып шынжыр табанға салып, таптап  жеңген қазақ батыры,  соғыстан аман есен қайтып, еліне оралады. Бәрінде Аллаһ біледі. Манаш көкеміз тактор емес, танк айдағанда Кеңес Одағының батыры болуыда бек мүмкін сияқты.  Еліне келе еңбекке бел шешіп, белсене араласады. Осы еңбегінің жемісін көріп 1950 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Бейбіт еңбекте «Ленин», «Құрмет белгісі»,  соғыстағы ерлігі бағаланып «Мәскеуді қорғаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және тағы басқа бірнеше медальдармен силанған. 1976 жылы дүниеден озады.

Жеңіс парадының төртеуіне қатысқан жалғыз қазақ Манаш Құлышев

Тыңға түрен салған Еңбек ері Александр Белобакий

Александр Андреевич Белобокий 1903 жылы 12 – қыркүйекте Ленинград қаласында туған. 1919 жылы темір жолда жұмысшы.

Александр Андреевич Белобокий

1929 жылы Ленин град политехникалық инистуттын бітіріп, Якутияға жолдамамен барып 1939 жылға дейін, инжерер, кенщарларда директор қызметін атқарады. 1939 жылы Ленинградқа қайтып келіп,киноинжерерлер иниститутында ұстаз болып тұрып, 1941 жылы соғысқа аттанады. Соғыста Ленинградты қорғауға қатысады. Уральск соғыс округі, Волховск фронтында, техникалық қызмет көрсету саласында басшылық жасайды.  Соғыстан соң Ленинград облысында совхоз директоры болып тұрып, жолдамамен, 1959 жылы Қазақстанға  тың игеруге келеді. Ол Ақмола облысы Есіл ауданы «Свободный» кенщарында директор болады. Тың игеруде, кеңшарды табысты басқарып, рекордтық егін жинап жетістікке жеткені үшін 1957 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Соғыстағы ерлігі үшін 1944 жылы «Қызыл» жұлдызорденімен силанған. А. Белобокий 1959 жылы туған жері Ленинград облысын ауысып, кенщар директоры болып қызмет жасайды. 1963 жылы зейнеткерлікке шығып, 1985 жылы Ленинград қаласында қайтыс болады. 


Әзірлеген: Дахан Шөкшірұлы Жәмші.

Ұқсас материалдар