Қандастар Ассамблея

Жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастырды

03.10.2016 2277
Дөңгелек үстел

Маңғыстау облысы прокуратурасында қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ГМ-172/1 және ГМ-172/6 мекемелерінде  жазасын өтеп отырған жандар жаза өтеу уақытында түзеу мекемесі ішінде орналасқан  РМК «Еңбек-Ақтау» филиалына еңбек келісімшарты бойынша жұмыспен қамтамасыз етілген.

Дөңгелек үстел

Қазір түзеу мекемесі аумағында жеке кәсіпкерлерге жұмыс істеуге рұқсат беріліп сотталғандар жеке кәсіпкерлер ашқан зауыттарға орналастырылған. Жұмысқа орналасқан сотталғандар мынадай тауар өнімдерін шығарып отыр:

  1. Металл бұйымдары (оның ішінде қоршаулар және қатты тұрмыстық шығындарға арналған контейнерлер);
  2. Рабица-торлары;
  3. Тратуар плиталары;
  4. Мектеп және кеңсе жиһаздары;
  5. Тігілген арнаулы киімдер т.б.;

Алайда, сотталғандар жасаған тауар өнімдері нарықта сатылым төмен болуына байланысты «Еңбек-Ақтау» РМК филиалында және жеке кәсіпкерлерде жұмысқа орналасқан сотталғандарға айлық жалақы төлеу мәселесі қиындау болғандықтан, олардың жұмыспен қамтамасыз етілуі оң шешімін табылмай жатқаны тағы бар. Осы мәселе бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысқандар қазіргі таңда мәселені шешуге толығымен атсалысатындарын айтты.  Осы көмектің өзі жазасын өтеушілердің қызығушылықтарын арттырады.

Жазасын өтеушілерді еңбекке баулу арқылы қалыпты өмір салтына деген өзіндік ойларын қалыптастырып, оларға өздерінің қоғамға керек екендігін сезіндірудің бірден-бір жолы осы болса керек. Ендеше, қателігін ойлап, еңсесі түскен жандардың өмірге деген көзқарасын өзгерту – сіз бен біздің қолымызда.


 Е. Кожамқұлов,

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД СЕҰТ аға инспекторының м.а.

            әділет аға лейтенанты