Қандастар Ассамблея

Жасын Қанбаев: Менің бағдарламаларымды сынаудың өзі қиын

08.05.2015 4125
Отандық тележүргізушілер арасында ерекше позитивімен көреремен көзайымына айналған Жасын Қанбаев El.kz редакциясына келіп түскен оқырман сұрақтарына жауап берді.

Отандық тележүргізушілер арасында ерекше позитивімен көреремен көзайымына айналған Жасын Қанбаев El.kz редакциясына келіп түскен оқырман сұрақтарына жауап берді.

Қазақстандық тележүргізушілер арасында ең көп мимика жасайтын сізсіз. Ол үшін қандай жаттығулар жасайсыз?

Таң атпай жабайы сиырдың сүтін ішем)))... Жоқ, ол эмоциялар өзі солай шығады. Ол үшін арнайы дайындық керек емес. Мен қазір мынаны былай айтам, қолыммен осылай жасайм демейсің...

Спорттың қандай түрімен айналысасыз?

Жүзуді жақсы көрем, кішкентай кезімнен. Одан кейін, әуесқой футбол, виртуалды футбол және «кірпіштен қашу» (компьютерлік) ойыны)))

Сүйікті тағамыңыз?

Тек қана шошқаның етін жеймін!))) Мен тамақ таңдамаймын. Үйдің тамағын жақсы көрем. Шығыс асханасы ұнайды. Бірақ қатты тамақ талғамаймын. Ең тәтті тамақ ол түнде жейтін тамақ)) Түнгі сағат 1-2-лерде жұмыстан келген кездегі.

Әлеуметтік желілерде неше түрлі пікір жазатын адамдарға, сыни пікірлерге қалай қарайсыз?

Ия, неше түрлі пікірлер жазылады. Ондай адамдар өзінің жазаланбайтынын біледі. Ол үшін оны ешкім соттамайды. Сондықтан, оған бәрібір. Оны үнемі тексеріп жататын уақыт жоқ, кейде бір апта өтіп кеткеннен  кейін «не жазыпты?» деп қараймын. Бірақ менің бағдарламамды сынаудың өзі қиын. Мысалы, «СвиДЕТИли» бағдарламасының басы кейіпкерлері балалар. Енді, балаларды ешкім жамандамайды ғой.

Әлеуметтік желідегі жеке парақшаңызда кімдерді «бұғаттайсыз» және не үшін?

Көбіне бұғаттамаймын. Бірақ, дұрыс емес жарнамаларға қарсымын. Мысалы, түнгі дүкендерді жарнамаласа, соларды бұғаттауға қоям.

Жасын Қанбаев туралы ысқаша дерек:

Туған жері: Қызылорда қаласы;

Жасы: 27

Білімі: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, бакалавр, магистр дәрежелері бар;

Жұмысы: «Aina on-line», «Айнаcөздік», «СвиДЕТИли» бағдарламаларының жүргізушісі;

Отбасылық жағдайы: бойдақ

Құрметті оқырман қауым, егер Сіздің отандық шоу-бизнестегі танымал тұлғаларға қояр сұрақтарыңыз болса news@el.kz электронды адресіне хаттарыңызды жолдаңыз. 

Ұқсас материалдар