Жастар конькимен жүгіруден жарысуда

03.11.2016 2788
«Алау» мұз айдыны

3-4 қараша аралығында «Алау» мұз айдыны сарайында 2016-2017 жылғы маусымның ашылуына орай конькимен жүгіру спортынан балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс өтуде.

Жарыстар біріңғай республикалық классификацияға, коньки тебушілердің халықаралық одағының ережелеріне сәйкес өткізілуде. Бағдарлама бойынша қатысушылар 100,300, 500, 700, 1000, 1500, 3000 метрлік қашықтықта бақ сынайды.  

Петр Белый, №2-ші балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі директорының орынбасары:  

— Бүгінгі жарыс №2-ші балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр. Бұл іс-шара балалар үшін 2016 жылдың алғашқы жарысы.  Алау мұз айдынына ересектермен қатар орта және кіші буын өкілдері қатысуда. Жарыстың басты мақсаты балалардың спорттық дайындығын байқау, республикалық және әлемдік жарыстар алдында олардың шеберлігін сынау.  Бүгінгі конькимен жүгіру спорты бойынша сексен бес бала жарысқа жиналып отыр. Жарыстың қорытындысы бойынша қатысушылардың құжаттарына олардың жүгіріп өткен уақыты мен алған орыны жазылып, арнайы спорттық разряд беріледі.  

Диана Бачурина, қатысушы:

— Конькимен жүгіру спортымен айналысып жүргеніме екі жылға жуық қана уақыт болғанымен, өмірімді конькисіз елестете алмаймын.  Бұл спорт түрін таңдаған себебім — өз басым конькимен жүгірген кезінде ерекше сезімде боламын. Соңғы бір жыл барлық күш-жігерімді салып, жарысқа дайындалдым. 500 метр қашықтықты 53 секунд уақытта жүгіріп өттім. Әрине, көрсеткішіме көңілім толмайды. Өйткені республикалық және әлемдік жарыстарға қатысуға мүмкіндік алу үшін бұдан да жылдам көрсеткіштер көрсетуім қажет.

 


Алмас САУДАНБАЙ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Ұқсас материалдар