Қандастар Ассамблея

Жас режиссерлер мен продюсерлерге арналған мүмкіндік

15.04.2016 1776
Бала құқықтары-2016 сыйлығы Азиядағы телевизия саласындағы хабар таратушылардан және продюсерлерден өтініш қабылдау басталғаны туралы жариялайды.

Бала құқықтары-2016 сыйлығы Азиядағы телевизия саласындағы хабар таратушылардан және продюсерлерден өтініш қабылдау басталғаны туралы жариялайды. Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы (ABU), Азиядағы кабель және жер серік арқылы хабар тарату қауымдастығы (CASBAA) және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы серіктестік нәтижесінде пайда болған сыйлыққа 16 жыл толды.

Балалардың құқықтары мен қажеттіліктерін дәріптеуге септесетін бағдарламалар немесе балаларға арналған немесе балалар туралы бағдарламалар сайысқа қатысуға құқылы. Сайысқа басына қауіп-қатер төнген немесе мұқтаждықта өмір сүретін балалардың жағдайын жан-жақты көрсететін деректі фильмдер, сонымен қатар, таптаурын болған көзқарастарды жоюға және кемсітуді азайтуға көмектесетін драма жанрындағы бағдарламалар немесе үйретуші және ойын-сауықтық анимациялық фильмдер қатыса алады. Сыйлыққа таласу үшін жоғарыда аталған медиа-өнімдер 2015 жылдың маусымы мен 2016 жылдың маусымы аралығында эфирге шығуы тиіс.

Бала құқықтары-2016 сыйлығына берілетін өтініштер 2016 жылдың 15 маусымына дейін жеткізілуі тиіс.

Сыйлық 2016 жылдың қазан айының аяғында Бали аралында ABU Бас Ассамблеясының отырысы барысында тапсырылатын болады. Медиа-өнімдер ағылшын тілінде болуы тиіс немесе сценарий/диалог аудармасымен (субтитрлер) бірге ұсынылуы тиіс.

Бұл сайыс Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU), Азиядағы кабель және жер серік арқылы хабар тарату қауымдастығының (CASBAA) барлық мүшелері үшін ашық.   

Сайысқа қатысуға құқылы мемлекеттер/аумақтар: Ауғанстан, Австралия, Әзірбайжан, Бангладеш, Бутан, Бруней, Камбоджа, Қытай, Кук аралы, Фиджи, Француз Полинезиясы, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Кирибати, Корея Республикасы, ҚХДР, Қырғызстан, Лаос, Макао, Малайзия, Мальдив аралдары, Маршалл аралдары, Микронезия, Монғолия, Мьянма, Науру, Непал, Жаңа Зеландия, Ниуэ, Пәкістан, Палау, Папуа-Жаңа Гвинея, Филиппиндер, Самоа, Сингапур, Шри-Ланка, Тәжікстан, Таиланд, Тимор-Лэсте, Тонга, Түрікменстан, Тувалу, Өзбекстан, Вануату және Вьетнам.

Сайысқа қатысу үшін өтінішті онлайн тәртіпте https://goo.gl/CE8JXp сілтемесі арқылы беру қажет.

Толығырақ ақпаратты www.childrightsaward.org сілтемесі арқылы табуға болады немесе kjirathun@unicef.org мекен-жайына хат жазу арқылы алуға болады. 


Алмас САУДАНБАЙ

 

Ұқсас материалдар