Қандастар Ассамблея

Жарнама тілі

27.11.2015 7786
Жарнама тілі: прагматикалық және коммуникативтік аспектісі

Қазақ жарнамасының тілдік және ұлттық ерекшеліктері туралы сөз қозғаймыз

Қазіргі кездегі қазақ тілінің толық қолданылатын  қоғамдық өмір саласы әр түрлі. Б.Хасановтың айтуы бойынша, қазақ тілі 15 негізгі және 57 кіші салаларда қолданылады. Бүгінгі күні іс қағаздарын жүргізу саласына мемлекеттік тілдің қарқынды енгізілуі қазақ тілінің ресми-іскери стилін дамытуға үлкен мүмкіншілік туғызып отырғанын да атап өткен жөн. Бірақ орыс тілінің елімізде әлі де болса, өз позициясын бермеуі қазақ тілінің өмірдің маңызды салаларындағы функциясын кеңейтуге жағдай туғызбай отыр. Мәселен, қазақ тілінде жарнама жазу негізінен орыс немесе ағылшын тілінен аудару арқылы жүзеге асып отыр. Батыстың бренділі тауарларына жарнамалық слогандарды жасайтын болсақ, жасағанда жай аударып "Іркілмен, сникерстен" деп емес, қазақи менталитетке, ұлттық құндылықтар мен фольклорға, әдебиетіміз бен тарихымызға негізделген слогандар өтімді болары анық.

Зерттеліп отырған жобамызда біз Астана ғимараттары туралы мәліметтерді қарастыра отырып, атақты адамдардың сол ғимараттарға берген сипаттамаларына сәйкес  жарнама мәтіні болып қалыптаса алатын мәтіндерді үлгі ретінде беріп отырмыз. Яғни Қазақстан брендін жарнамалау үшін ең алдымен, қазақ тілі қолданылуы керек. Жарнаманың  қазақ тілінде жазылуы, басқа тілден қазақ тіліне аударғаннан гөрі әсері болады. Бұл мысалдар арасында нақыл сөз, ұлы адамдардың айтқан сөздері де кездеседі. 

1) Ақорда – «Президент Ақордасының төбесінде ұлттық жалауымыз желбіреген киіз үй сипатты зор күмбез баршаны әрдайым бейбітшілік сүйгіштік пен дәстүрлі ауызбіршіліктен айнымауға шақырып, қызбалықтың, түсінбестіктің дауылдарынан, өшпенділік сұрапылдарынан сақтандырап тұр.» Н.Назарбаев

«Ақорда қазақтың басты шаңырағы, қазақтың киелі ордасы. Өйткені 2004 жылдың 24 желтоқсанынан бері бұл жерде мемлекет тағдырын шешетін қаншама құжаттар күшіне енді! Қаншама кездесулер мен келіссөздер өтті! «Күндіз күлмедім, түн ұйықтамадым» деген Күлтегін бабамыздың тасқа қашалған сөзін еске түсірер қаншама тер төгіліп жұмыс жасалды! Қаншама ұтымды шешімдер, ұлт мұратын, мемлекет мүддесін көксеген жарлықтар қабылданды!» Бағаналы орда, Басты орда

2) «Қазақ елі» монументі – «Астананың төрінен қазақ елінің баянды болашағына бағдар сілтейтін еңселі ескерткіш тұрғызылуының өзі заңды құбылыс. Қазақ мемлекетінің басты ескерткіші осы монумент болады. Монументтің биіктігі-91 метр. Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Ескерткіштің биіктігін де осы жылға орайластырып белгіледік. «Қазақ елі» монументі – халқымыздың өткені мен бүгінін байланыстырып тұратын мәңгілік белгі. Бұл монумент біздің ата-баба аманатына адалдығымыздың, терең тамырлы салт-дәстүр мен ұрпақ жалғастығының жарқын көрінісі.» Н. Назарбаев.

«Қазақ елі» монументі — тәуелсіздігіміздің символы.

«Париждегі Эйфель мұнарасы, Нью Йорктегі Азаттық статуясы жай ескерткіш ұғымынан асып, сол елдің символы мен мақтанышына айналған. Ал Астанадағы «Қазақ елі» сәулеттік-мүсіндік композициясы да осы секілді еліміздің сан ғасырлық тарихын, басынан кешкен небір аумалы төкпелі замандарды, азаттықтың ақ таңы атқалы бері жеткен жетістіктерімізді әспеттейтін дәуірлік маңызы бар тарихи кешен. Астана қаласының Мәслихаты бастамасымен ашылған осынау райы ерекше рәміз – біздің ата-баба аманатына адалдығымыздың, ұлттық сана-сезіміміз бен тарихи таңдауымыздың, Ел мен оны жетектеген Елбасыға деген қадірлі құрметіміздің, халық үшін керекті, тарих үшін дәйекті айғағымыздың дәл көрінісі деп қабыл алайық.» И. Тасмағамбетов

 «Мың өліп, мың тірілген» Бағаналы орда, Басты орда

«Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады» тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған, жұрттың  бағы жанып, жоғы түгенделмейді. Бағаналы орда, Басты орда

« Бұл монумент - Тәуелсіздік монументі ғана емес, халықтың рухының халықтың мәңгілігінің, мемлекет тұтастығының, іргесінің беріктігін аңғартатын белгі деп бағалауымыз керек. Осы сезіммен, осындай оймен біз ұрпақты тәрбиелесек, ұлтты тәрбиелесек қазақ елінің жер бетіндегі жасампаздығы, қазақ елінің жер бетіндегі өмір сүру қабілеті бекем берік болады.» Н. Оразалин

«"Қазақ елі" монументі - еліміздің сан ғасырлық тарихына, ұлтымыздың ұлы перзенттеріне, олардың асыл мұратына, ата-жұртымызға арналған мәңгілік ескерткіш. Шын мәнінде, бүгінде Астана қаласында мағынасы терең осынау ескерткіштің ашылуы тарихи әділдіктің салтанат құруын айғақтайды. Еліміздің басты ескерткіші - "Қазақ елі" ұрпақтар байланысын және уақыт үндестігін білдіреді. Бұл - ата-бабамыздың рухына тағзым етіп, жас ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке бастайтын киелі орын. Міне, сондықтан да біз үшін оның маңызы зор.» Қ. Тоқаев

3) Тәуелсіздік сарайы – «...мұндай сәулетті сарай Қазақстан түгілі, осы өңірде жоқ. Барлық ауқымды іс-шаралар енді осы сарайда өткізілетін болады. Міне, бұл Астананың көркейіп, дамып, өсіп-өркендеуінің белгісі, болашаққа басқан қарышты қадамының айқын көрінісі болып табылады.» Н.Назарбаев.

«Ел іші – өнер кеніші» Бағаналы орда, Басты орда

4) Бейбітшілік және келісім сарайы – « Іргетасы дүниенің 4 бұрышына бірдей қарап, ұшар басы күллі адамзатқа мейір шапағатын шашқан алтын күнге қарай ұмтылған Пирамида бар әлемге айқара ашық ортақ мақсат жолында күш-қуатын берік жұмылдырған бүгінгі біздің көпұлтты қазақстандықтарды көзге елестетіп тұрған жоқ па? Алыстасаң аласарып, жақындасаң биіктей беретін, ал ішіне кірсең жан-дүниеңе шуақ себетін бұл әсем ғимараттың бүкіл бітім-болмысы қашан да еңкейгенге еңкейіп, шалқайғанға шалқаятын  біздің халқымыздың биік рухы мен кеңпейілдігінің белгісі емес пе? Ендеше, сіздер мен бізге ғана емес, қазақстандықтардың талай ұрпағына адал қызмет етуге жаратылған әсем ғимаратымыздың іргесі берік, ғұмыры ұзақ болғай.» Н.Назарбаев.

«Әлемнің сегізінші кереметі» Бағаналы орда, Басты орда

«Бәрі уақыттан қорқады, уақыт пирамидадан жасқанады» Астана. Елорда сәулеті

5) Бәйтерек монументі – «Бәйтерек сөзінде үлкен мән-мағына бар. Әр қаланың өзіндік белгі-нышаны болуы тиіс. Біздің астананы осы Бәйтерек арқылы танитын болады. Біздің жас мемлекетіміз сол Бәйтеректей биік өсіп, тамырын тереңге жайсын деген мағынада осы ғимарат бой көтеріп отыр.» Н.Назарбаев.

«Өмір ағашы» Бағаналы орда, Басты орда

«...Танытып терезесі теңдігіңді,

Әлемге әйгіледі елдігіңді!

Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,

Сақтай біл, ұлан-байтақ кеңдігіңді.» Н.Айтұлы

6) Атамекен – Қазақстан картасы. «Ел қалай өмір сүрсе, солай тыныс алуы керек. Бүкіл елдің осындай шағын картасын алғаш рет Индонезияда көргенмін. Келгеннен кейін қала басшылығына өз картамыздың жобасын әзірлеп, соны жасап шығаруды тапсырып едім. Жаңа астана ортасында күллі Қазақстанды көру кімге де болса әсер етері даусыз.» Н.Назарбаев

«Тарихыңды білмесең, болашаққа жол жоқ» әл-Фараби.

7)  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – «Астананың ажарына ажар қосқан, жаңа корпустарымен кала ландшафтына тамаша кірігіп кеткен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін айтпай тұра алмаймыз. Бұл күндері шетелдік мәртебелі қонақтарды Еуразия ұлттық университеті қабырғасында қабылдап жүргенде, өз басым осынау оқу ордасының үйлесімді де әдемі сәулетіне әрдайым таңдана қараймын. Мұндай таңданыстарын осында келген меймандарымыз да жасыра алмайды. «Астананың мәдени капиталы» деген ұғым Еуразия ұлттық университетіне көз түскен сәттен-ақ адам санасында нақты бейнеге айналады деп ойлаймын.» Н.Назарбаев.

8) «Думан» ойын-сауық орталығы. «Думанның басты кереметі – мұхитаралдың ТМД территориясында баламасы жоқтығында. Біздің аймаққа тән ұзақ және суық қыстың жағдайында кез келген отбасы осында келіп демалып, басқа бір әдемі әлемге сапар шегуіне болады. Бұл менің көптен бергі арманым еді және оны жүзеге асырдым.» Н.Назарбаев.

«Дәуір.Дәурен.Дәргей.» Дәурені шалқып, дәргейі тасып, дәуірлеп тұрған астаналық айтулы ордалардың бірі – Думан. Бағаналы орда, Басты орда

«Ұлы Даладағы мұхит тамшысы, жаһандық айдынның Астанаға жеткен толқыны.» Астана. Елорда сәулеті

9) Цирк – «Ғарыш-Жер-Ана-Астана» Бағаналы орда, Басты орда

10) Интерконтиненталь қонақ үйі – «Интерконтиненталь-Астана – ХХІ ғасыр құрылысы» Астана. Елорда сәулеті


Ляззат Сейфолла

Ұқсас материалдар