Қандастар Ассамблея

Жұрт біле бермейтін ұрыс өнері

30.06.2014 3748
Батыс африка аймағында Хауса деп аталатын тайпа бар.

Әлемде осындай қызықтар жетерлік. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген осындайдан шыққан. Кейбір елдің спорттық жарыстары ұлттық деңгейден өсіп, халықаралық мәртебеге дейін көтерілген. 

Дамбэ.

Батыс африка аймағында Хауса деп аталатын тайпа бар. Аса қауіпті ұрыс өнерінің негізі сонау ежелгі Египет бокс спорт түрінен бастау алған. Амбэ ұрыс өнерінің басты қару – жұдырық болып есептеледі. Оны мата бөлігімен орап, сыртын қалың жіппен байлайды. Ал аяғын қалың шынжырмен қаптайтын көрінеді. Қорытынды өз-өзімен шыға келген секілді: Мұндай жабайыланған сорақы адамдарға адамдарды ұру аз сияқты. Қызықты мәлімет : Дамбэ өнерінің заманауи спортшылары төбелес алдында марихуана шегіп шығады екен.

Ережесіз ұрыс.  

Менің пікірім мынадай : Бұл ұрыс түрін «Жарала және өлтір» деп атау керек еді. Ұрыс өнерінің келесі түрі - дәл осындай атқа лайықты секілді. Техниканың бұл әдісін АҚШ-та 18-19 ғасырлар арасында ойлап тапқан екен. Сол жылдары ең танымал әдіс – көзді езу болып саналған. Төбелес – өте қызу болып отырған. Кейбір қауесеттерге сенсек, қатысушылардың арасында қарсыласының құлағын, мұрнын және сол сияқты дене мүшелерін тістеп алу мақсатында тісін әдейі қайрап келетіндер де болған деседі. Төбелестің аты айтып тұрғандай «ережесіз» болғандықтан, көп қатысушылар түрлі жараққатармен қайтқан екен. Бұл өнер түрінің біздің заманымызда бұрынғыдай тынамылдылығы  жоқ.

Калари Паят

Бұл жүйе - өте көне болып саналады. Ол- Үндістанның оңтүстік бөлігіндегі Карал жерінде пайда болған. Бұл ұрыс түрінде қарусыз және қарумен қолданылатын түрлі стильдегі әдістер бар. Ең әйгілі стиль – Марма Арти (Өмірлік мәні бар нүктесіне әсер ету). Егер де жетік меңгерген жағдайда кез-келген адамды оңай өлтіріп қоюыңыз  мүмкін.

Окичито.  

Бұл – Үндіс ұрыс өнері. Қазіргі заманға дейін жалғасын тапқан өнер түрі екендігін айта кеткен жөн. Окичитоның негізін қалаушы – Джон Лепин. Бұл түр -  үндіс және азия халқының ашу-ызасын көрсете білетін ұрыс болып табылады. Соққылардың ауыр тиюі соншалық, қарсыластың қаруы бар секілді сезіледі. Айкидо спорт түріне жақындығы бар.

Силат.

Бұл түрдің негізін қалаушы – Филиппин, Малайзия және Сингапур елдерінен шыққан баскесерлер болып саналады. Аталмыш ұрыс түрінің өзіндік қайталанбас ситльдік ерекшеліктері бар. Силатты әлі күнге дейін Оңтүстік Қытай теңізінің қарақшыларына тәжірибе ретінде қолданады. 

Ұқсас материалдар