Қандастар Ассамблея

"Жәмиғ ат-Тауарих" қайта басылып шықты

02.03.2015 3645
Халықаралық Түркі Академиясы өкілдерінің айтуынша, білім-ғылым ордасы бүгінде қазақ хандығының 550 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шараларды бастап кетті. Солардың бірі - тарихи деректер бар еңбектерді қайта жаңғырту.

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы. Мерейтой аясында өтіп жатқан шараларда шек жоқ. Соның бірі – белгілі түркітанушы ғалым Рабиға Сыздықованың  еңбегін қайта жаңғырту.

Халықаралық Түркі Академиясы мен Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы және Қазақстан: идеялар мен ғасырлар жалғастығы» халықаралық конференция өтті.

Халықаралық Түркі Академиясы өкілдерінің айтуынша, білім-ғылым ордасы бүгінде қазақ хандығының 550 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шараларды бастап кетті. Солардың бірі - тарихи деректер бар еңбектерді қайта жаңғырту.

ҚР ҰҒА академигі, көрнекті түркітанушы ғалым Рабиға Сыздықованың  "Жәмиғ ат-Тауарих" зерттеу еңбегі Халықаралық Түркі Академиясының көмегімен қайта басылып шықты.

 «Қазақ хандығының 550 жылдығы - бірінші кезекте  тарихи сананы жаңғырту жылы. Біз осы жыл арқылы көптеген деректерді қайта қараймыз.  Жай оқырман түгілі кейбір тарихшылар біле бермейтін деректер бар. Бұрын беймәлім болып келген көптеген дереккөздері қайта ашылады. Кеңестік кезден тарихқа үңілген тіл маманы, ғалым, жалпы түркология ғылымына  еңбегі сіңген, абыз апайымыз, былтыр тоқсанға толған  Рабиға Сыздықова кеңестік кездің өзінде түркі елдерінің арасында үлкен дәнекер көпір орнатты. Тілдік тұрғыдан ғана емес тарихи ақтаңдақтар ашуда көп еңбек сіңірді. Қадырғали Жалаиридің «Тауарих Хамсасын» көз майын тауысып зерттеп, зерделеген. Бүгін, міне кітапты қайта басып шығардық», – деді Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

Сонымен қатар, түркологияға еңбегі сіңген ғалымға берілетін Иштван Қоңыр Мандоки атындағы медалі Рабиға апайдың кеудесіне тағылды.

Тоқсаннан асса да ғылымнан қол үзбеген ғалым жеке кітап қорын Халықаралық Түркі Академиясы кітапханасына тапсыратынын айтты.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік унверситеті жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Невзат Шимшектің айтуынша, бүгінгі жиыннан қорытындыланған ғылыми материалдар топтастырылып, кейін ғылыми жинақ болып басылып шықпақ.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына орай біздің қосқан үлесіміз ретінде осындай халықаралық жиынды өткізіп жатырмыз. Мұнда тек Қазақстан ғана емес, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары өз елдеріндегі дерек көздеріне сүйеніп, тың мәліметтерді баяндайды. Ондағы ойымыз - қазақ еліндегі ғана емес, жалпы түркі мемлекеттеріндегі дереккөздерді топтастыра келе түркі әлеміндегі Қазақ Хандығының рөлін анықтау», – деді Невзат Шимшек.

Ұқсас материалдар