Қандастар Ассамблея

Жүктілік кезінде шай ішуге бола ма?

07.09.2015 16425
Сонда аяғы ауыр нәзік жандар қандай мөлшерде және қандай шайды қолданулары керек?!!

Жүктілік кезеңі әрбір әйелзаты үшін аса маңызды уақыт, сондықтан дәл осы кезде нәзік жандылар өздеріне бұрынғыдан гөрі жақсырақ қарай бастайды. Өйткені, жүкті әйелдің денсаулығы іштегі баланың саулығына тікелей байланысты келеді.  

Дәл осы кезеңде кейбір тағамдарды жеуге мүлдем тыйым салынса, кейбіреуін аз мөлшерде, ал кейбіреуін керісінше көп мөлшерде жеуге кеңес беріледі. Бұл ереженің тек тағамдарға ғана емес, сусындарға да қатысы бар.  Сусындардың жалпы адам ағзасына берер пайдасы өте мол. Мәселен, шай ішпесе басы ауыратын қазақ халқы үшін шайдың алар орны ерекше. Алайда, шайдың барлығы дерлік денсаулыққа пайдалы бола бермейді, жүктілік кезінде оның кейбір сұрыптарын ішуге болмайды. Сонда аяғы ауыр нәзік жандар қандай мөлшерде және қандай шайды қолданулары керек?!! Жүктілік кезінде шай ішуге тыйым салынбаған,  алайда оның мөлшері тым көп болмауы тиіс.   Қара шай мен көк шайдың ішінен біріншісін таңдаған абзал.  Өйткені көк шайдың құрамында пайдалы заттар көбірек кездеседі. Бұл көк шайды ғана ішіп, қара шайды ішпей қою дегенді білдірмейді. Қара шайдың да құрамында ағзаға пайдалы заттар кездеседі, мәселен теобромин, В дәрумені, калий, магний, фтор т.б.  Сонымен қатар шайдың тамырларды кеңейте алатын және тістің эмалін қатайтатын жақсы қасиеті бар. Шайды қатты қою емес, ақшыл қылып ішкен жөн. Жүктілік кезінде қара шайдан гөрі сүтті шай ішкен жақсы. Ескерту: сүтті шай демдеген кезде, ыстық сүттің үстіне шай құйылуы тиіс, керісінше емес.  Базбіреулер  шайдың құрамында кофейннің болуына байланысты қара шайдан бас тартып жатады. Егер, Сіз де жүктілік кезінде шай ішуден қаймығатын болсаңыз, қара шайдың орнын кофейіні аз ақ шаймен алмастырыңыз.  Ақ шайдың иммунитетті көтеретін, бет терісін жақсартып,  тісті қатайтатын және антибактериалды қасиеті бар.

Қажетті ақпарат: Жүктілік кезінде әйел ағзасында түрлі өзгерістер орын алады. Бірінші триместр кезінде жүкті әйелге жағымсыз әсер ететін токсикоз үрдісінен қашып құтылу мүмкін емес, алайда оны жеңілдететін жолдары бар. Мәселен, токсикоз басылмаған жағдайда әйнек құтыдағы боржоми суын ішуге, зімбірден қайнатылған сусынды пайдалануға, тіпті шайдың жапырағын шайнауға болады. Мамандар жүкті әйелдерге көк, ақ, қара шайдан өзге итмұрыннан қайнатылған шай ішуге кеңес береді. Аталмыш шай ағзаны В дәрумені және темірмен қамтамасыз етеді. Зімбір мен жалбыз, сонымен қатар күніне бір кеседен аспайтын түймедақ шайы да жүкті әйелдің саулығына оң әсерін тигізеді.

Зімбір шайы

Жалбыз шайы 

Итмұрын шайы

Аталмыш заттарды диетолог, эндекринолог, гинеколог мамандардан кеңес алған соң ғана қолдануды ұсынамыз.  Өйткені,  аталмыш мамандар жүкті әйелдің анализдерін зерттеген соң ғана қолдануға болатыны немесе болмайтыны жайлы  қорытынды жасай алады.  

Жүктілігіңіз жеңіл, шайыңыз дәмді болсын!!!

 

Дайындаған: Құлжанбай тегі Арайлым

Ұқсас материалдар