Қандастар Ассамблея

Қытайлық профессор Қазақстан тарихы туралы кітап шығарды

13.03.2015 2998
Қытайда «Жібек жолының Батысқа қарай апаратын бірінші мемлекеті: Қазақстан туралы жазбалар» кітабы жарияланды.

Қытайда «Жібек жолының Батысқа қарай апаратын бірінші мемлекеті: Қазақстан туралы жазбалар» кітабы жарияланды. Бұл кітап Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында үлкен сый болмақ.


Оның авторы - Қытай ұлттарының орталық университеті жанындағы этнологиялық зерттеулер институтының профессоры, ҚХР шекара маңы саясаты мәселелері бойынша маманы, философия докторы У Чукэ.

Кітап 2013 жылдың қыркүйегі мен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында Астанада жұмыс істеген кезінде қытайлық ғалымның жазған мақалаларынан тұрады. Мұнда қытайлық азаматтың Қазақстаннан алған әсерлері туралы жазылған. Сондай-ақ Қазақстанның көне тарихы мен қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастар туралы жазбалар көрініс тапқан. 

«Биыл Қазақстанда өте маңызды шара аталып өтіледі. Ол - Қазақ хандығының 550 жылдығы. Шын мәнінде ел тарихы тереңде жатыр. Елдің тарихында оны шетелдіктер емес, мемлекеттің халқы қалай қабылдайтыны маңызды екенін атап өткім келеді. Менің ойымша, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеп, өздерінің тарихын терең түсінуге көмектеседі», - деді профессор қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.

Автор бұл кітаптағы мақалаларын 2013-2014 жылдары Астанада жұмыс істеп жүргенде жазған. Қазақстанда жүргенде өзіне қызықты болған барлық дүниені осы кітапқа енгізген. Қазақстандықтардың күнделікті тұрмысынан бастап (Болмысы, дүкен аралау, кинотеатрлар мен мәдени ошақтарға баруы) мерекелеріне дейін (Наурыз, Құрбан айт) қамтыған. Алматы, Бурабайды аралап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын, қаншалықты ілгерілеп келе жатқандығын, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытайдың достығы қашан басталғанын тарихынан бастап жазып шыққан екен. 

Профессор У Чукэ қытай тарихшыларының Қазақстанға деген құрметі ерекше екенін, қазақ халқының тарихымен етене таныс екендігін де айтқан. 

Жазда Мемлекет тарихы институты Назарбаев орталығымен бірлесіп Қазақ хандығына байланысты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Оған өзге елдердің де ғалымдары кеп қатысады. Қазір сол шетелдік ғалымдардың тізімін жасап жатырмыз. Барлығын бірдей шақырмаймыз. Қазақ хандығына байланысты конференция болғандықтан, осы саланы зерттеп жүрген тарихшылар ғана қатысады. Қазақ тарихын зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар аз емес. Соның бірі – Қытай ұлттарының орталық университеті жанындағы этнологиялық зерттеулер институтының профессоры, ҚХР шекара маңы саясаты мәселелері бойынша маманы, философия докторы У Чукэ.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Ұқсас материалдар