Қандастар Ассамблея

Қытай үңгіріндегі мектеп

30.06.2014 3890
Үңгірлердің қауіптісі де, адамға қорған болатындары да жетерлік.

Үңгірлердің қауіптісі де, адамға қорған болатындары да жетерлік. Қытай үңгірінің басқа үңгірлерден ешқандай айырмашылығы  жоқ.  Сырт көзге қарапайым жабайы тау етегіндегі үңгірлерден айырмасын таба алмайсыздар. Тек бір ғана айта кетерлік ерекшелігі бар. Бұл үңгірге жергілікті оқушылар күн сайын білім алу мақсатында келіп кетеді. 

Гуйчжоу деп аталатын қытай елдімекенінің Мао деген ауылында Dondjong (қытай тілінен аударғанда «үңгір» деген мағынаны білдіреді) дейтін үңгір бар. Бұл үңгірде 1984 жылы жергілікті жас балаларды оқытуы мақсатында алғашқы мектеп ашылған. Бірақ, дизайнерлік білімі болмағасын алғашында аздап кідіргені болмаса, одан кейін өз үңгірлерін жабдықтауға бүкіл ауыл халқы атсалысқан. Себебі, бұл ауыл Қытайдағы ең кедей ауыл саналады. Оқу бағдарламасы былый тұрсын, бұл аумақ тұрғындарында қарапайым өмір тұрмысына қажетті дүниелердің өзі жеткіліксіз. Жергілікті тұрғындар мемлекет басындағыларға сан рет өтініш білдірген көрінеді. Тек өтініштері қаралмаған соң, жас балалардың оқыту мәселесі бойынша өздері айналысуды жөн көрген.Ешқандай құрылыс материалдары қолданбай, нендей ақша шығындалмай, мектеп ретінде осы үңгірді қажетіне асырған. Бұл ғимаратқа 200 оқушы сиятындай үлкен орын бар.  

Сырт көзге  нақ үңгір бейнесінің әдемі көрініс табуы мүмкін дейсіз. Табиғата қойнауындағы сан мың үңгір атаулыларының бірі деп керемет атау беруге де бармыз.  Дегенмен, мектеп ішіндегі жағдай тым қарапайым.Тек қажетті деген жабдықтар сатып алынған. Мәселен, тақта, ағаш парта, оқулық деген секілді. Онда тіпті, жас ұрпақтың спорт саласында да қолы қысқармасын деген мақсатпен баскетбол ойнайтын арнайы алаңша жасаған. Онымен қоса бұл мектептің өзіндік ерекшеліктері де бар. Кез-келген шығарылған дыбыстың жаңғырып шығуына байланысты  ғимарат ішіндегі акустика мәселесі толықтай ән сабағына өте тиімді. Ал биология пәні бойынша практикалық тұрғыда сол үңгірдегі кесірткелер мен жарқанаттарды пайдаланып кетсе де болады екен.

Ешқандай пайда көрмеген Қытай басшылығы 2011 жылы бұл мектептің жабылуын жөн санап, бір ауыздан шешім қабылдады. Билікте отырғандар  – «Қытайлықтар – үңгір адамдары емес» деп қысқа ғана қайырды. Дәл сол жағдай бойынша Мао ауылының тұрғындары бүкіл әлем назарына ерекше ерліктерімен ұсынылды. Ал одан кейін бұл ауыл оқушыларына қазіргі жаңа технология жабдықтарымен жабдықталған мектеп ашып берді.   

Ұқсас материалдар