Қырғызстанда «Қазақстан әдебиеті орталығы» ашылды

30.11.2016 2402
Бішкекте ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер зиялыларының XI Форумы өтті

27 қазан күні Қырғыз республикасының бас қаласы – Бішкекте ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер зиялыларының XI Форумы өтті. Кезекті кездесудің тақырыбы – «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына 25 жыл. Гуманитарлық ынтымақтастық перспективалары».

Аталмыш мәдени шараға Армения, Әзірбайжан, Беларусия, Қазақстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен ғылым және шығармашылық өкілдері қатысты.

Сондай-ақ форум аясында Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан әдебиетінің орталығы» ашылды.

Мақсат – қырғызстандық оқырмандарға Қазақстанның сан алуан саладағы жетістіктерін көркем әдебиеттер арқылы жеткізу.

Қазақстан әдебиетінің орталығына Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «На пороге XXI века», «G-Global the world of the XXI century», «Когда мысль – материальна» атты кітаптары, сондай-ақ, елбасының еңбек жолына арналған кітаптар, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) және тағы басқа да кітаптар қойылған. Барлығы – 100-ден аса кітап.

Бұл өз кезегінде ТМД елдері қатарындағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рухани-мəдени байланыстардың дамуының нығая түсуіне тағы да бір серпін бере түспек.


 

Бауыржан Сегізбаев,

ҚР Ұлттық академиялық

кітапханасының қызметкері

Ұқсас материалдар