Қандастар Ассамблея

Әйелдің еркелігі – отбасының бақытсыздығы ма?!

14.03.2014 4520
Жұптардың негізгі жанжалы ерлі-зайыптылардың бірінің шектен тыс еркелігі нәтижесінде пайда болатынына көз жеткізген.

Қосағыңызға үнемі ұнауға тырысып, қалауын орындай берудің түбі бақытсыздыққа, ажырасуға соқтыруы мүмкін.

 

Жаңа Зеландиядағы Окленд универстетінің психологы Брюс Эролл мен оның көмекшілері осындай қорытынды шығарды. Эролл зерттеуді тек теория жүзінде емес, терапевттік тәжірибе түрінде де жүргізген. Олар көптеген отбасыларға психологиялық көмек көрсете отырып, жаңа зеландиялық жұптардың негізгі жанжалы ерлі-зайыптылардың бірінің (әйелдің) шектен тыс еркелігі  нәтижесінде пайда болатынына көз жеткізген.

Нәтижеге көз жеткізу ғалымдар үшін аздық еткен. Енді бұл «қызықтың» құпиясына одан әрі қанығу керек болады. Ақыры, тәжірибелік сынақ  үшін екі отбасы таңдалып алынады. Бұлардың бірінің отағасына құпия түрде әйелінің бар еркелігін көтеру тапсырылады, сәйкесінше екінші жұптың әйеліне осындай тапсырма жүктеледі. Сынақ бірнеше аптаға созылады.

Екі жұптың еріктілері де психологтарға өзін қалай сезінетінін және үйдегі жағдай туралы баяндап отырады...

 

Қорытынды қызық па?!

Еркектің аты қай кезде де еркек! 12 күн өткенде ерікті жігіттің ызадан «жарылып» кетуіне байланысты сынақ тоқтаған. Әйелінің бастан асқан қылықтарына шыдамаған оның жүйкесі кәдімгідей тоқырауға ұшыраған.

Тіпті, күнбе күн жүргізілген сауалнама нәтижесі қорқынышты: Жігіттің өмірге деген құштарлығы 10 ұпайлық көрсеткіштің 7 сатысынан 3 ке күрт «құлаған».

 Ал, күйеуін еркелетіп жүрген келіншектің сынағы әлі жалғасуда. 

 

«Жер бетіндегі адамдардың басым бөлігі отбасылы. Осыған қарамастан, отбасылық жұптардың біріне бірі ұнауға тырысуы көп жағдайда кері әсер туғызады. Десек те, біз әлі тексеруге тиіспіз. Мәселен, ер адам үнемі шындықты айтуды талап етсе, әйел адам онымен кез-келген жағдайда келісе ме...Менімше, бұл қызық болады...

Брюс Эролл, психолог

 

Әрине, бұл сынақ бір жақты емес. Бірақ, әлем бойынша жаны нәзік, жүрегі жұқа деп әйел баласын әлпештейтіні жасырын емес. Бұл жағынан келгенде жаңа зелендиялықтардың ашқан жаңалығы таңғалдырарлық. Атам Қазақ «әйелді бастан, баланы жастан», «бір әйелдің әлегі қырық есекке жүк» деген сөздерді айтқанда Әйел баласын көп көлбеңдете бермегенді жөн көргені секілді. Әрине, дер кезінде жөн сөзге де тоқтап тұрғанды теріс көрмеген.

Қазіргі заманғы ғалым психологтардың көпшілігінің тұжырымы да осыған саяды. Маңызды мәселелерді екі жақтап шешкенді оң көретін отбасылардың бақыты баяндырақ екенін жиі айтады.

Әйел еркелігінің де, еркек өктемдігінің де шегін білген жөн-ау...

naked-science.ru

Ел Тұтқа

Ұқсас материалдар