Қандастар Ассамблея

Әйелдер әйелдер туралы

15.08.2014 7545
Егер әйеліңіз бір нәрсені қатты қалап жатса, қалағанын алып беруге тырысыңыз. Өйткені ол сонысын бәрібір алады, бірақ басқа біреуден;

-         Егер әйеліңіз бір нәрсені қатты қалап жатса, қалағанын алып беруге тырысыңыз. Өйткені ол сонысын бәрібір алады, бірақ басқа біреуден;

-         Біздің гардеробта қанша киім болғанымен, киетін ештеңе жоқ;

-         Әрдайым сұлу болып жүру оңай емес. Мысалы өзіңіз жыл бойы аптасына 7 күн, күніне 25 сағат демалмастан жұмыс істеп көріңізші;

-         Шын мәнісінде әйелдердің қолынан бәрі келеді, тек күйеуін ренжітіп алмайын дейді;

-         Әйелдерге көз жасы арқылы бар нәрсеге қол жеткізуге рұқсат;

-         Әйелдерге «жылы сөйлесең болды» деп ойламаңыз, әйелдер де өздерін тыңдағанды қалайды.

-         Егер білмесеңіз, алдау мен жасырып қалу – екеуі де бір нәрсе.

-         Әйелдер күйзелісті еркектерге қарағанда тезірек әрі оңайырақ жеңеді.

-         Егер жанжалдасқан кезде біздің дәлеліміз таусылып қалса, біз тырнағымызды бояуға кетеміз.

-         Тырнақтың астындағы кір сіз сұхбаттасып отырған адам алдында сіздің абыройыңызды айрандай төгеді, әсіресе егер сіздің алдыңызда әйел адам болса;

-         Еркектерді мықты ететін әйелдер;

-         Ешқашан да аналарыңызды ұмытпаңыз, өзіңіздің де жолдасыңыздың да;

-         Егер әйелдің жанында оны нәзік әрі әлсіз жасайтын еркек болмаса, әйелдер құбыжыққа айналуы мүмкін;

-         Әйелдер ешқашан өркениетті алға жылжыта алмайды, өйткені олардың жұмыстары бастап асады;

-         Мықты еркектің жанында қарапайым да ақымақ әйел болып көріну өте қолайлы;

-         Егер әйел әрі сұлу әрі ақылды болып туылса, осы екеуінің бірінен құтылмайынша, өмір бойы қиналып жүреді;

-         Әйел өзінің дәп нені қалайтынын анықтамайынша, оны алдап-арбауға болады, содан кейін – кезек сіздікі;

-         Сіздің кім екеніңізді – дос па, көңілдес пе әлде өмірлік серік болатыныңызды анықтау үшін бізге 30 секунд жеткілікті. Қалғандары (гүл, кино, ресторан) – жәй ғана сыпайылықтар.

-         Әйелге қалай білдіртпей опасыздық жасауға болады? Сіз осы сұрақты ойлай бастағаныңызды, әйеліңіз әлдеқашан сезіп тұрады;

-         Егер біз сіздің жаныңызда әлсіз болып көрінсек, ол жақсы белгі. Өйткені біз ғашық болған кезде, біздің бойымызды қорқыныш пен өзімізге деген сенімсіздік билейді;

-         Біз шынымен де еркектердің батыл әрекеттерін бағалаймыз. Таңғалып, қуанғанымызды көрсетпесек те, әсіресе таңданысымыз бен қуанышымызды көрсетпеген жағдайда;

-         Біз үшін сіздің қалай киінетініңіз бәрібір емес, киім – адам жанының жай-күйі;

-         Тек шынымен де тартымды адамдардың сыртынан әңгіме айтылады;

-         Әйел «қалағаныңды істе» десе, сол нәрсені жасамаңыз!

-         Үндістанда аяғы ауыр әйелге, жанына келіп темекі тартып тұрған кез келген адамды таяқпен ұруға рұқсат;

-         Дауысы көтеріңкі болған сайын, мінезі жеңілтек болып келеді.

Ұқсас материалдар