Қандастар Ассамблея

Үйдi (ғимаратты) жалға беру

26.03.2014 6846
Үйдi (ғимаратты) жалға беру ШАРТЫ

___________ қаласы            № _____              20__ жылғы «__» __________

 

(заңды тұлғаның атауы, резиденттігі, құрылған күні, тіркелгені туралы куәлігі, күні және нөмірі, кім тіркеді)

 бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталады, _______________________________ (Жарғы, Ереже, 20___ жылғы «___»_____ сенімхат) негізінде іс-әрекет жасайтын _________________________________________________________

 (шартқа қол қоятын тұлғаның қызметі, аты-жөні)

арқылы және _______________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, резиденттігі, құрылған күні, тіркелгені туралы куәлігі, күні және нөмірі, кім тіркеді немесе жеке тұлғаның аты-жөні, азаматтығы, резиденттігі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні)

бұдан әрі «Жалға алушы» деп аталады, төмендегілер туралы осы шартты жасады.

 

1. Шарттың мәнi

 

1.1. Жалға берушi Жалға алушыға осы шарттың 1.2-тармағында көрсетiлген үйдi уақытша пайдалануға беруге, ал Жалға алушы осы шарттың 3-тармағында көрсетiлген мөлшерде және мерзiмде жалға алу сомасын төлеуге мiндеттенедi.

1.2. Жалға берушi Жалға алушыға бұдан әрi «Үй» деп аталатын (мекенжайы) орналасқан үйдi уақытша пайдалануға беруге мiндеттенедi.

1.3. Осы шарттың 1.2-тармағында көрсетiлген Үй Жалға берушiнiң меншiк құқығына тиесiлi.

1.4. Үй Жалға алушыға осы шартқа қол қойған күннен бастап _____ күн iшiнде берiлуi тиiс.

1.5. Жалға берушi Жалға алушыға Үйдi (шарттарды атап көрсету керек) мынадай талаптарға сәйкес келетiн жағдайда ұсынуға мiндеттi.

1.6. Үй (үй не ретiнде пайдаланылатынын көрсету) ретiнде пайдалануға арналған.

2. Тараптардың мiндеттерi

 

2.1. Жалға берушi:

2.1.1. Осы шарттың 1.1-тармағында көрсетiлген талаптарға жауап беретiн жағдайда Үйдi Жалға алушыға уақтылы беруге;

2.1.2. Үйге күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi.

2.2. Жалға алушы:

2.2.1.Үйдi дұрыс күйiнде пайдалануға, ағымдағы жөндеудi өзiнiң есебiнен жүргiзуге;

2.2.2. Үйдi дұрыс күйiнде ұстауға, ағымдағы жөндеудi өзiнiң есебiнен жүргiзуге;

2.2.3. Үйдi ұстау бойынша шығыстарды көтеруге;

2.2.4. Осы шарттың 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес жалға алу ақысы бойынша есеп айырысуларды шартта белгiленген мерзiмдерде жүргiзуге;

2.2.5. Осы шарттың қолдану мерзiмi бiткеннен кейiн Үйдi (үйдiң жағдайы) күйiнде қайтаруға мiндеттенедi.

 

3. Есеп айырысулар

 

3.1.Жалға алу ақысының мөлшерi (сомасын санмен және жазбаша көрсету) теңгенi құрайды.

3.2. Жалға алу ақысын Жалға алушы ай сайын (тоқсан сайын) осы шартта көрсетiлген Жалға берушiнiң есеп шотына қаражат аудару арқылы төленетiн айдан (тоқсаннан) кейiнгi айдың ____ күнiне кешiктiрмей төлейдi.

 

4. Тараптардың жауапкершiлiгi

 

4.1. Төлемдi кешiктiргенi үшiн Жалға алушы Жалға берушiге әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн шарт сомасының ______ есебiнен айыппұл және шарт сомасының ______ есебiнен өсiмпұл төлейдi.

4.2. Осы шартта көзделмеген тараптардың жауапкершiлiк шаралары Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңнама нормаларына сәйкес қолданылады.

 

5. Шартты қолдану мерзiмi

 

5.1. Үйдi жалға алу мерзiмi (басталу мерзiмi) басталады және (аяқталу мерзiмi) аяқталады.

6. Дауларды шешу тәртiбi

 

6.1. Осы шартты орындау барысында пайда болған даулар мен келiспеушi-лiктер мүмкiндiгiне қарай тараптар арасындағы келiссөздер арқылы шешiледi.

6.2. Даулар мен келiспеушiлiктердi келiссөздер арқылы шешу мүмкiн болмаған жағдайда тараптар оны заңда көзделген тәртiппен соттың (дауларды шешу үшiн тараптар таңдаған төрелiк, арбитраждық немесе халық сотының атауы және орналасқан жерi) қарауына бередi.

 

7. Қорытынды ережелер

 

7.1.Осы шарттың ____ тармағында көрсетiлген шарт талаптарын басқа тарап бұзған жағдайда тараптар немесе тараптардың бiрiнiң келiсiмi бойынша осы шарт бұзылуы мүмкiн. Шартты бiр жақты бұзуды мынадай негiздер бойынша (шартты бұзуға негiздемелер көрсетiлуi тиiс) (тапсырыс хатпен және т.б.) жiберiлетiн жазбаша хабарлама арқылы тараптар жүзеге асырады..

7.2. Осы шартқа кез келген өзгерiстер мен толықтырулар тек қана жазбаша нысанда жасалады және оған тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қол қояды. Осы шартқа қосымшалар оның ажырамас бөлiгi болып табылады.

7.3. Осы шарт екi тiлде жасалды. Екi данасының заңдық күшi бiрдей. Әрбiр тарапқа осы шарттың бiр-бiр данасы берiледi.

 

8. Тараптардың мекенжайы және банктiк деректемелерi

 

Жалға берушi

 

_________________________________

(шарттың түрi бойынша ЗТ немесе ЖТ атауы)

_________________________________

(орналасқан елi)

 _________________________________

(қала, п/б, көше, үй және офистiң

нөмiрi, факс, телефон нөмiрi)

 ________________________________

(есеп айырысу немесе валюта шоты,

қызмет көрсететiн банктiң атауы,

МФО, СТН, төлем мақсатының коды)

 ________________________________

 (шартқа қол қоятын тұлғаның қызметi,

аты-жөнi, қолы, мөрi, егер жеке тұлға

болса СТН, ӘЖК)

Жалға алушы

 

_________________________________

шарттың түрi бойынша ЗТ немесе ЖТ атауы)

_________________________________

(орналасқан елi)

_________________________________

(қала, п/б, көше, үй және офистiң

нөмiрi, факс, телефон нөмiрi)

 _________________________________

(есеп айырысу немесе валюта шоты,

қызмет көрсететiн банктiң атауы, МФО,

СТН, төлем мақсатының коды)

_________________________________

 (шартқа қол қоятын тұлғаның қызметi,

аты-жөнi, қолы, мөрi, егер жеке тұлға

болса СТН, ӘЖК)

МІНЕЗДЕМЕ

әкімшілік мемлекеттік қызметшіге берілген қызметтік мінездеме

- служебная характеристика на административного государственного служащего

білікті маман

- квалифицированный (компетентный) специалист

білімді маман

- образованный специалист

кез келген өзгерістерді қиындықсыз меңгереді

- любые изменения использует без затруднений

келген қызметтік құжаттарды, өтініш-арыздарды, азаматтардың өтініштерін қабылдайды

- ведет прием служебных документов, заявлений, обращений граждан

келіп түскен хаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге аударады

- переводит поступившие письма с русского на государственный язык

компьютер бағдарламаларын жетік біледі

- знает в совершенстве компьютерные программы

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

Ұқсас материалдар