Қандастар Ассамблея

Үйден шықпай-ақ саяхаттау

15.10.2014 7339
Әлемнің кереметтері

Адам өзінің қысқа ғұмыры ішінде барлық әлемді аралап шығуы мүмкін емес. Бірақ көру керек, қызықты жерлер өте көп. Ескі қалалардың орны, адам аяғы баспаған джунглилер, заманауи алып мегаполистер, ғажайып сарайлар, мұхит тұңғиығы. Бұнын бәрін үйден шықпай-ақ көріп қайтуға болады. Google компаниясы әлемнің таңғажайып жерлерін картаға түсірді. Тек керегін таңдап, саяхатты бастап кету керек.

1. Колизей

Колизей, немесе Флавий амфитеатры — Ежелгі Рим архитектурасының сақталып қалған үлгісі. Сол кездегі ғимараттардың ең ірісі. Колизей Рим қаласындағы Эсквилин, Палатин және Целий төбелерінің арасында орналасқан.

2. Версаль

Версаль — Франция корольдерінің тұрғылықты жері болған сарай. Ғимарат Париж қасындағы Версаль қаласында орналасқан. Қазіргі таңда  Еуропаның ірі туристік орталығы.

3. Стоунхендж

Стоунхендж — Әлем мұрасы тізіміне енгізілген тастан жасалған мегалиттық құрылыс. Англиядағы Уилтшир графтығында, Лондоннан 130 км жерде орналасқан. Құрылыстың пайда болу тарихын ешкім белмейді, тек ғылыми жобалар ғана бар. Ежелгі кезден сақталған тарихи мұралардың бірі.

4. Үлкен тосқауыл рифі

Үлкен тосқауыл рифі — әлемдегі ең үлкен кораллдық риф. Риф құрамына бөлек орналасқан 2900 риф және Коралл теңізіндегі 900 арал кіреді. Табиғи туынды Аустралияның оңтүстік-шығыс жағалауы жанында 2500 км ұзындыққа созылып жатыр. Жалпы ауданы 344 400 шаршы шақырым. Үлкен тосқауыл рифі Жер шарындағы тірі ағзалар құраған ең үлкен табиғи нысан. Ол тіптен ғарыштан да көрінеді.

5. Кеннеди ғарыш орталығы

Джон Фицджеральд Кеннеди атындағы Ғарыш орталығы — НАСА-ға қарасты ғарыш кемелерін ұшыру және басқаруға арналған орталық. АҚШ-тың, Флорида штатына қарасты Мерритт аралында орналасқан. Америкалық ғарыш зымырындары ұшырылатын басты алаң.

6. Амазонка ормандары

Амазонканың жаңбырлы ормандары немесе амазонка джунглилері — әлемдегі ең ірі тропикалық орман. Орманның басым бөлігі жазықта орналасқан. Ол Амазонка өзені алабының барлық ауданын қамтиды.

7. Майя өркениетінің ежелгі қалалары

Чичен-Ица — Юкатан түбегінің солтүстігінде орналасқан, Майялардың саяси және мәдени орталығы болған қала. Өзінің пирамидаларымен танымал.

Бұл тек қана қысқа тізім. Ғаламшардың көркем жерлері бұнымен бітпейді. Әр адамның өзіндік тізімі болуы да мүмкін. Адамдардың ашуын күтіп отырған жерлер мен ғажайыптар өте көп. Сәтті сапар тілейміз!

Ұқсас материалдар