Әуе-десант әскерінде ашық есік күні

02.08.2016 3625
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Бүгін Астана қаласы №68665 әскери бөлімшесі «Жас Отан» ЖҚ Астана қаласы филиалымен бірлесіп Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстанның Тәуелсіздігін қорғаудағы 25 жыл» деген атаумен ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара өскелең ұрпақ және халықтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, патриоттық сезімді қалыптастыру.

Байжұманов Жанат, ардагер:

— Құрметті қонақтар, әскери борышын өтеушілер, бүгін әуе-десанттарына 86 жыл толып отыр. Әскери өмір оңай емес. Оған бүгін өздеріңіз көз жеткізесіздер! Әскери операцияларда қаза тапқан барша жігіттердің жатқан жерлері жайлы болсын. Бейбіт өмір — құнсыз байлық. Сондықтан, тыныштықта өткізген әрбір сәтті бағалайық! Соңымыздан еріп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс тәрбие бере алсақ, елімізде татулық пен тұрақтылық мәңгіге орнайтынына мен сенемін!

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жұмысымен таныстыру. Шараға келушілер соғыс қару-жарақтарын қолмен ұстап, танктерге мініп көрді. Сондай-ақ, әскери борышын өтеушілердің қатысуымен тұтқынға түскен адамдарды босату операциясы, атыс өнері, жекпе-жек ұрыстардан үзінділер көрсетілді.

Кенжебай Нұрдаулет, «Жас Отан» ЖҚ Астана қаласы филиалы төрағасының орынбасары:  

— №68665 әскери бөлімімен бірлесіп жұмыс атқарып келе жатқанымызға он жылдан аса уақыт болды. Іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа әскери өмірдің қызығы мен қиындығын көрсету. Жастардың бойындағы патриоттық сезімін арттыру, ішкі әскердің абыройын көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.  


Рустем Әлпи 

Ұқсас материалдар