Қандастар Ассамблея

Уақыт қайда кетіп жатыр

02.11.2014 3632
Уақытты тиімді пайдалану керек

Кейде адамдар уақыттарының қайда кетіп жатқандығын ойлайды. Күнделікті жұмыспен уақыттың қайда кетіп жатқандығын білу, оны сезіну өте қиын. Бірақ алдыға мақсаттар қою, оларды іске асыру үшін уақыт есебін жүргізу керек. Төменде осы саланың маманы –Лаура Вандеркамның кеңестерін ұсынамыз.

Уақыт есебін жүргізу

Өмір қайда жұмсалғандығын түсіну үшін, оны есептеп отыру керек. Барлық әдістердің негізі. Ең тиімдісі – сағаттарды санау. Осы алғашқы қадамның өзі көп үрдістерге көз ашады. Қай уақытта жұмыспен, қай уақытта жұмыссыз отырғандығын анықтауға тиімді. Кейін осы кемшліліктерді шешу үшін жақсы бастама бола алады. Егер де жұмысты тиімді істеу уақытыңыз таңға келетін болса, онда негізгі шаруаларды сол аралыққа жоспарлаған дұрыс болады. Артық жұмсалып жатқан уақытты тиімді үнемдеуге де болар еді. Осыған арқа сүйеп апталық жоспар құрасыз.

Жоспарлау

Ең алдымен апта ішіндегі жұмыстарды реттеп шығу керек. Көп жетістікке жеткен адамдар негізгі уақыттарын өздерінің негізгі жұмыстарына көп уақыттарын жұмсайды. Қалған жұмыстарды екінші кезекте істеу керек. Жоспар сізге істелінген жұмыстарды реттеуге, олардың нәтижесін білуге көмектеседі.

Таңғы ритуалдар жасау

Таңғы ритуал деген не? Бұл жоспарға кіретін жұмыс емес. Ол адамның күнін бастайтын әдепкі әрекеттері. Барлық адамдарда ол бірдей. Таңда тұру, жуыну, таңғы ас ішу, жиналып жұмысқа бару. Алайда осылардың ішіне күнделікті өмірді жеңілдететін, мотивация беретін әрекеттер қосуға болады. Сондай-ақ күнделікті жоспарлауды осы кезге қосса болады. Ол таңғы жаттығу, медитация, жоспар құру секілді болуы мүмкін.

Демалысты жоспарлау

Көбісі ойлауы мүмкін, демалыс уақытын жоспарлаудың қандай қажеттілігі бар. Ол кез келген адамның еркін уақыты. Тек демалу керек деген пікір қалыптасқан. Алайда жақсы жоспарланған демалыс, сәтті демалыс. Ал олөз кезегінде жұмысты тиімді бітіріп, уақытыл демалуға әкеледі. Сонымен қатар адамды бақыттырақ етеді, себебі адам өмірін басқара алатын сәтте өзін берік сезінеді.

Жұмыс аптасыны алдындағы қорқыныш

Жұма барлығына ұнайды. Қиын жұмыс аптасы өз соңына жетті. Енді алда екі күн демалыс. Одан асқан қандай бақыт болуы мүмкін? Сенбі күні де ерекше. Бірақ жексенбінің түні бойы адам жұмысқа дайындалып, жаңа аптаның қиындығын елестете бастайды. Бірақ жұмыстың бірінші күніне көзқарасты өзгертсе, жақсы нәтижелерге жетсе болады. Бұл деген алда ашылып тұрған жаңа мүмкіндіктердің есігі. Сол себепті осы күннен бастап, уақытты тиімді өткізу керек. 

Ұқсас материалдар