Қандастар Ассамблея

Трансформатор зауытындағы жастар (фоторепортаж)

22.01.2015 4981
El.kz Орал қаласында жаңадан ашылған транформатор зауыты туралы

2014 жылдың 25 желтоқсанында өткен Жалпы ұлттық телекөпірге БҚО-нан қосылған нысан - Орал трансформатор зауыты болды. Елбасы қатысуымен ашылған жаңа кәсіпорын - мемлекеттік қолдау нәтижесінде жүзеге асқан инвестициялық жоба. ҚР электр машина жасау өндірісін дамыту мақсатында «Алегеум электрик» холдингтік компаниясы трансформаторлар мен 6,10, 35 класты жоғары кернеулі ұяшықтар шығаруға арналған жобаны жүзеге асырды.

 Жаңа өндіріс электротехникалық жабдықтардың мол түрін шығаруға есептелген. Әсіресе электровоздарды жабдықтауға арналған күштік трансформаторларды айрықша атап өтуге болады. Дайндалатын өнімнің 90 пайызын Ресейге экспорттау көзделіп отыр. Кәсіпорында шығарылатын жоғары кернеулі және күштік трансформаторлар электротехникалық нарықта сұранысқа ие өнімдер.

Алғашқы бесжылдық елдің өндірістік және экспорттық әлеуетін арттыруда үдемелі индустрияландыру бағдарламасының ықпалы зор екені көрсетіп берді. Жүзеге асқан 770 жоба 4 трлн теңгенің өнімін өнімін шығарып, 668 млрд теңгенің өнімін экспорттауға мүмкіндік берді.

Жасұлан Жаңабаев, оператор:

- Индустрияландыру саясаты БҚО-ның дамуына тың серпін беріп отыр. Барлық желілер автоматтандырылған. Зауыт заманауи жаңа қондырылғылармен жабдықталған. Бәрін үйреніп, енді жұмыс істеп жатырмыз. Жаңа өндіріс жаңа салада еңбек ететін мамандар дайындауды қажет етіп отыр. Сондықтан да Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университет пен Орал газ,мұнай және салалық технологиялар колледжі жаңа кәсіпорынмен келісімдер негізінде электротехникалық жабдықтар өндірісі мамандарын даярлауды қолға алып отыр.

Еламан Нұрмашев, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенті:

- Осындай зауыттың ашылуы біз үшін үлкен мүмкіндік. Теориялық білімімізді тәжірибемен ұштастырып, бәрін іс жүзінде үйренудеміз. Оқу бітірген жас түлектер қалауы бойыша жұмысқа орналаса алады. Зауыт мамандарының айтуынша кәсіпорын жылына 100 млн АҚШ долларын құрайтын сапалы өнім шығаруға қауқарлы. 40 градус ыстық пен 45 градус суықта жұмыс істейтін трансформаторлар қолданыстағы қауіспіздігімен де тиімді, - деді болашақ маман.


Мақсатхан Бурылбаев «Орал трансформатор зауыты» АҚ бас директоры

- Жалпы құны 6,3 млрд теңгені құрайтын бұл жоба мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай қолдау нәтижесінде жүзеге асып отыр. Өндірістің толық қуаттылықта жұмыс істеуі 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Озық технологияға негізделген жаңа желіде жергілікті мамандар жұмыс істейді

Көріп отырғанымыздай, осындай жобаларды жүзеге асыру еліміздің экономикасын көтеріп, отандық өнімдерді бәсекеге қабілетті етіп қана қоймай жас буынды жұмыспен қамту мәселесін де кеңінен шешуге жәрдемдеседі. Еліміздің болашағы жастардың қолында!

Әзірлеген: Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Ұқсас материалдар