Қандастар Ассамблея

Тоғыз миллион Арулар мен Аналар мерекесі келе жатыр!

05.03.2016 3854
Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандық жігіттер тоғыз миллион арулар мен аналарды мерекесімен құттықтайды. Соңғы санақ бойынша елімізде әйелдер саны 51,7%-ды құрайды.

Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандық жігіттер тоғыз миллион арулар мен аналарды мерекесімен құттықтайды. Соңғы санақ бойынша елімізде әйелдер саны 51,7%-ды құрайды.

Қазақстандық әйелдердің орта жасы шамамен алғанда 33 жасты құрайды. Ауылдық  елді мекендердегі әйелдер қалалықтарға қарағанда жас. Олардың  орта жасы 31,7-ні құраса, қалалық арулардың орта жасы 34,2.

Ең қызығы — мемлекетіміздің жалпы ішкі өнімінің 40 пайызын нәзік жандылар қалыптастырады екен.

Ірі және шағын бизнесті басқаратын әйелдер саны Қазақстанда 41,5 пайызды құрайды. Олар 800 мың азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны жылпы халықтың 57%-ын құрайды екен. 

Ұқсас материалдар