Тестілеудің бесінші күнінде 17 түлек 125 ұпай жинады

07.06.2016 1642
Ұлттық бірыңғай тестілеу

Бүгін республика бойынша мектеп бітірушілер бесінші күн ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды.

 

2-6 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 78158 бітіруші қатысса, олардың арасында – 56945 оқушы тестіні қазақ тілінде тапсырды. Ал, 21213 түлек орыс тілінде тапсырды.

Тестілеу бесінші күні 14 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.

 

Тестілеудің бес күнінде мүмкін болған 125 балды 17 бітіруші жинады:

Маткалиева Динара Маратқызы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия, Алматы қ.;

Меирханова Аружан Ерланқызы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қ.;

Оспанова Рамзия Рамазановна, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қ.;

Мухаметкали Еркежан Досенқызы, №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясы, Алматы қ.;

Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, №169 мектеп-лицей, Алматы қ.;

Беркинова Акнур Нурболовна, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Батыс Қазақстан облысы;

Болат Кәмшат Болатқызы, №17 Семей мектебі, Семей қ.;

Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, №72 мектеп-лицей, Астана қ.;

Исмаилова Дана Суюндыковна, Х.Оспанов атындағы №3 мектебі, Павлодар обл.;

Маратова Ақерке Маратқызы, Абай атындағы мектеп, Шығыс Қазақстан облысы;

Усин Адиль Куатович, Қызылқақ мектебі, Павлодар обл.;

Балтабай Ерасыл Айтбекұлы, Б.Момышұлы атындағы №120 мектеп, Шымкент қ.;

Әбубәкір Ақмарал Кенжеханқызы, А.Шерімқұлов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;

Кеңесбеков Абылай Еркінұлы, Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебі, Шымкент қ.;

Тортай Аяжан Қайратқызы, М.Әуезов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;

Түгелбай Фариза Абайқызы, «№178 лицей» (Алматы қ.);

Әбішев Тілекберген Абдыманапұлы, №3 Қазақ – түрік лицкей-интернаты, Жезқазған қ..

Тестілеудің бес күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 бітіруші тестілеуден шығарылды.

 

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Тестілеудің төрт күнінде (3,4,5,6 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 488 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 118 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің үш күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,7 %-ын құрайды.

Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.


Айша КЕРЕЙ

Ұқсас материалдар