Қандастар Ассамблея

Tesla Motors өнімдері

03.03.2016 4891
Tesla Motors — Силикон алқабындағы электр көліктерін өндіретін америкалық автокөлік компаниясы.

Tesla Motors — Силикон алқабындағы электр көліктерін өндіретін америкалық автокөлік компаниясы. Компанияның атауы атақты физик Никола Тесланың құрметіне қойылған. Компанияның инвесторлары – Google-дің негізін қалаушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин, PayPal төлем жүйесінің негізін қалаушылардың бірі Илон Маск және eBay компаниясының негізін қалаушысы және президенті Джефри Сколл. Осылардың ішінде жобаға ең көп қаржы салған –  Илон Маск (70 млн. доллар).

Tesla Roadster

Компанияның алғашқы көлігі – Tesla Roadster спорт көлігі. Көліктің ресми презентациясы 2006 жылдың 19 шілдесінде Калифорниядағы Санта-Моника қаласында өтті.

Алғашқы 100 Tesla Roadster бір ай ішінде әзірленді. Бір көліктің құны 100 000 АҚШ долларын құрады. Сериялық өндіріс тек 2008 жылдың наурыз айында басталған болатын.

Аталмыш модель 2012 жылға дейін шығарылды, өйткені Lotus (Tesla Roadster осы компаниямен бірлесе өндірірілген) компаниясымен 2500 көлік жасау туралы келісім 2011 жылдың соңында аяқталған еді. Бұл модельдің келесі нұсқасы 2019 жылы жарық көреді деп күтілуде және ол Моdel S негізінде әзірленбек.

Tesla Model S

Tesla Model S концепті 2009 жылдың 26 наурызында Калифорнияның Хоторн қаласында ұсынылған. Көліктің седан нұсқасы фирманың Детройттағы филиалында «Whitestar» шартты атаумен әзірленуде. Әзірлемелік жұмыстар аяқталған соң компания Калифорнияда алғашқыда 10 000, кейіннен 25 000 көлік шығаруы тиіс.

Көліктердің АҚШ-қа шығарылуы 2012 жылдың 22 маусымынан басталды. Алғашында қуаты 60 және 85 кВ/сағ болатын екі нұсқасы шықты. Екеуінде де артқы білікте орналасқан бір электр мотор болды.

Кейіннен 2010 жылдың 9 қазанынан бастап әрбір білікке бір-бір элект мотордан орналастырылған нұсқасы шықса, 2015 жылдың 8 сәуірінен бастап компания бірмоторлы комплектациядан толықтай арылды. Қазіргі таңда көліктің құны 75 750 АҚШ долларынан басталады. Комплектацияға байланысты, қайта зарядтаусыз көлік 442, 502 және 480 шақырым жүре алады.

Tesla Model X

2012 жылдың 9 ақпанында компания жаңа модельдің үлгісін ұсынды және жаңа кроссовердің аты Tesla Model X еді. Дәл сол сәтте Илон Маск жаңа нұсқаның өндірісі 2013 жылы басталатынын айтты. Бастапқыда 2014 жылдың соңына қарай шағын көлемде, ал 2015 жылдан бастап жаппай өндіріс басталады деп жоспарлған. Алайда 2014 жылдың ақпан айында сатылым 2015 жылдың екінші маусымына қалдырылды. Ал дәл сол жылдың қараша айында аталмыш мерзім 2015 жылдың үшінші маусымына ауыстырылды.

Model S нұсқасымен салыстырғанда Model X көлігінде: орындықтардың 3 қатары қосылған, 2 және 3 қатардың жолаушыларына жоғары қарай ашылатын автоматтандырылған есіктер, екі моторлы (4х4) нұсқасына тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ артқы көріністі беретін сыртқы айналар алынып тасталған, ал олардың қызметін зарядтың 5  %  сақтауға мүмкіндік беретін камера атқарады және көрініс аспап-құралдар панелінде шығады.

Model 3  

       

Model 3 нұсқасының бастапқы атауы Model E және «ВlueStar» болатын, қазіргі атауы 2014 жылдың 15 шілдесінде жарияланды. Аталмыш модель 2016 жылдың наурызында ұсынылады деп күтілуде.

Компанияның негізін қалаушылардың бірі Мартин Эбергартд 2007 жылдың 30 шілдесінде көліктің 2012 жылы сатылымға шығатынын мәлімдеген болатын. Жоспарланған бағасы 30 000 доллар төңірегінде болды. Алайда кейіннен  Model 3 шығарылымы 2017 жылға қалдырылды және оның бағасы 35 000 долларға өсті, бірақ сонымен қатар жол жүру ұзақтығы да өсіп 320 шақырымға жетті. Автокөлік Model S нұсқасынан 20 % кішірек болады.

2015 жылдың қыркүйек айында шыққан Илон Маск Tesla Model 3 электр көлігінің 2017 жылы 35 000 доллар бағасымен шығарылатынын растады. 


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар