Қандастар Ассамблея

Тарихтың түп келбетіне сүйену керек

16.10.2014 1952
Бүгінгі тарих ғылымында əр алуан ағым бар. Бірақ саналы азаматтар, қайық түгіл, иесі мықты салдың да ағынмен кете бермейтінін əбден біледі.

Бүгінгі тарих ғылымында əр алуан ағым бар. Бірақ саналы азаматтар, қайық түгіл, иесі мықты салдың да ағынмен кете бермейтінін əбден біледі.

Бүкілшар тарихы (global history, глобал тарих) дейтін көзқарас өткен ғасырдың ортасынан бастап Ұлы Британиядан үн көтергелі (əсіресе соңғы 30 жылдан) бері тез етек алды. 2000 жылдың тамызында 70 елдің 1800 тарих ғалымдарымен өткен 19-кезекті халықаралық тарих ғылымының құрылтайында, оның үш үлкен тақырыбының бірі “Бүкілшар тарихының болашағы: Ұғым жəне методика” болды. Глобал тарихтың басты теориялық ерекшелігінің бірі - еуроцентризмге сөгіс беру. Соған орай Геоффери Барраглоуг: Тарихты батыс еуропаның көзқарасымен түсіндіру жеткіліксіз болып қалды. Ендеше Батыс тарих ғылымы бағытын қайта бекітуі, тарихшылар “Еуропа мен Батыстан секіріп шығып, назарын барлық аймақтармен дəуірге тастауы” тиіс  “Бүгінгі тарих ғылымы шығармаларыныңтүпкілікті сипаты оның бүкіл шарлығында”, дүние тарихын зерттеудегі басты міндеттің бірі – “бүкілшарлық тарихи көзқарасты - ұлт пен регион шегінен асып, бүкіл дүниенің тарихын ұғыну көзқарасын тұрғызу”. “Əрбірдəуір мен əлемнің əрқайсы аймағындағы барлық ұлттың қосқан үлесіне əділ баға беру керек”  деген болатын.

Былай қарағанда жақсы-ақ лебіз. Əлем дəстүрінде əрбір өркениет пен əр ұлттың тарихи мəдениеті жөніндегі құндастық теориясы ежелден бар-ды. Гомер дастаны əр этносқа тең қараған, Герододтың жазғандарында да шығысқа ізет бар. Бірақ, бертін келе үні қаттырақ көтерілгендердің бəрінен бас басына өздерін кіндік ету, өзгені қағу, басу, тіпті қорлау төбе көрсетті. Бұл нысайды түзеу жағынан қарағанда глобалдық тарихи көзқарасты дəріптеудің белсенді жағы байқалады.

Алайда, бұған салмақпен қарап, “мұндай бір жаңа горизонтпен (кеңістік-уақытпен) сараптауға, назар салуға жете алу, яғни тарихшы ғарыштық болу, жер шарындағы сан-мың ғаламның құбылысын жан-жақтылы, ұзақ мезгілдік, тепе-тең қарастыра алу - бүкіл əлемдегі тарихшылардың арманы ғана. Тарихшы қанша айтқанмен өзін құдай санарлыққа шейін асқақтай алмайды. Бұл үміт – тек өтміштегі дүние тарихтары тудырған ағаттықтарға бой көрсету” дейтіндер аз емес. Үнді ғалымы Парфа Чаттериенің “қылаяғы біздің ойлауымыз да отарланған” деуі мен АҚШ Нью-Йорк университетінің профессоры Жаң Шюйдұңның “Қытайдағы кез-келген құбылыс тек өзгенің ұғым шеңберімен ғана түсіндіріледі, өзгенің бұйырған жүйесінен айрылғанда өзіміздің не істеп жатқанымызды білмейтін сықылданамыз” деулері ғаламиласуды күшті елдердің, бүкіл əлемдегі ресурсты ғана емес, бүкіл əлемдегі құндылықты да монополиялауға ұрынуы деп білгендіктің салдары сықылды. Мұны да ұмытпаған жөн. Өйткені бұл арадағы тарихқа глобал көзқарасты дəріптеушілердің пиғылының алуандығын да естен шығармау керек. Глобал тарихтың экономикалық глобалданумен байланысы жоқ деу сəбилік болар еді. Ал, соңғының өзі де екі жік. Қалыпты, əділ, пайдалы экономикалық бір тұлғалану (интеграциялану) барысындағы глобалдану бар да, жаңаеуроцентризмдік (жаңа либерализмдік, елаттаған серіктестіктер ішіндегі ұлттық мемлекеттердің экономикалық егемендігін күйретуді көксейтін идеологиядағы, т.б.) глобалдану бар. Соңғы – “қастық сайланған, ұйымды жүргізілген саяси шара”.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Ұқсас материалдар