Тарихта болмаған оқиға: Майкл Фелпс 21 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

10.08.2016 1860
Рио-2016

Америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио Олимпиадасында тағы топ жарып, 21 дүркін Олимпиада ченмпионы атанды.

Америкалық спортшы 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде және эстафеталық жарыста мәреге бірінші болып жетіп, Олимпиада ойындарында 21-ші алтын медалін жеңіп алды. Осылайша Олимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.
Финалда Фелпс белгіленген қашықтықты бір минут 53,36 секундта жүзіп өткен. Күміс жүлде жапон спортшысы Масато Сакаиға бұйырса (1.53,40), «қоланы» венгриялық Тамаш Кендереши (1.53,62) иеленді.

Ұқсас материалдар