Қандастар Ассамблея

Тұңғыш Президент күніне орай тараздық ұстаздар арасында спартакиада өтті

03.12.2014 3517
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері арасында жарыс өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері арасында жарыс өтті. Сайысқа түскен 8 команда үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, гір тасын көтеру, кіші футбол және баскетбол сияқты спорт түрлерінен бақтары мен баптарын сынады.

 Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, білімгерлерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу. Сондай-ақ, бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, құрама команда жасақтауға дарынды білімгерлерді анықтау болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша баскетбол және кіші футболдан жалпы топтық есепте институттың қауіпсіздік қызметі жеңімпаз атанды. Ал, жекелей сында шахматтан ерлер арасында педагогика факультетінің оқытушысы Т. Темешов, әйелдер арасында Л. Бекембетова, тоғызқұмалақтан ерлер арасында тарих және география факультетінің аға оқытушысы А. Ізтілеу, әйелдер арасында Г. Қалдыбаева жеңімпаз атанды. Гір тасын көтеру бойынша үздік нәтижені  тарих және география факультетінің С. Мержанов көрсетті. Бағы мен бабы қатар келіп, Спартакиада жеңімпаздары атанғандар институт ректорының және «Ұстаз» спортклубының  сыйлықтарымен марапатталды.


Жандар АСАН

Ұқсас материалдар