Қандастар Ассамблея

Түйебайдың ашуы

09.08.2016 1926
Жұмаділ Жарқынбек

Түйебайдың ашуы

Үйге өрт сөндіргендей болып екі беті оттай қызарып, алқын -жұлқын Түйебай шал кіріп келді. Жетпістің желкесіне шыққаны болмаса, шал деуге әлі ертерек.

–  Ай қатын,  шәйің дайынба, тамақ қайда? Күнделікті әдеті осы, айғайлап кіреді. Тынымсыз тіркістігі сондай.

– Айғайламасаңда ішесің ғой, кенезең кепкір, не жеттей өзіне, – деп томардай домаланған кемпірде күйбеңдей жөнелді.

–  Мына қасқыр жегір он саулықты бағам деп маңайдағылармен қырқысып біттім түге.

–  Ой, алжыған шал - ай, құдайдың кең жазғы жетпейме саған.

–  Үйде отырып шалбардың балағын бүргеннен басқа сен не білушең, ол жазықтың иесі қазір құдай емес, былай барсаң астанадағы бір дөкейдікі,  доң айбатын салып аттап бастырмайды. Алай барсаң аудандағы бір дөкейдікі табаныңды тигізбейді.  Он ешкіні ары қуып бері қуып ...

Шал сөйлей жүріп кемпірі жәйған дастархан басына жалп етіп отыра кетті. Отыра кеттіде асығыс ауызға баурсақты салып жіберіп ұрты толғасын үндемей қалды.

Осы кезде даладан төрт жасар немересі де томпаңдай кірді. Қолында ағаш мылтығы бар,  – Тақ-тақ,  тақ,  көтей қойыңды аташалам. Мылтығын шалдың маңдайына кезеді.

Бала қателесті қылмыскерді қате таңдаған екен. Өшін кімнен алсам деп сіркесі су көтермей отырған шал сазырая қалды.

– Тайт, таста андағыңды тыныш заманда жаман рым бастап жау шақырмай.–  Деп немересін зекіп тастады.

–  Ата, мен әшкей бйам.– Деді немересі  аузын бұртитып, мойнын қисайта тұра қалып.

– Жырғайды екенсің әскер болсаң, алдынғы әскер болғандарда қарық қылғаны шамалы, қырылып жатыр оннан- бестен, не істейсің әскер боп.

Біреуге ұрысқанда быраз жеңілдеп қалатын шалекең алдындағы шәйді ыстықтай ұрттап - ұрттап жіберді.

– Елимізді, жеимізді қойғаймын.–  Деді немересі мылтығын шұқылап тұрып, быр жақтан естісе керек.

 «Онсызда шыққалы тұрған көз еді ...» дегендей онсызда шыққалы тұрған шалдың жүрек жарасының аузын тырнап жұлып алғандай болды, шорт кетті.

– Жерімді қорғаймын,  қорғайтын жерің болса қорғайсың болмаса атаңның басын қорғайсыңба? Осы біз сияқты кедей сорлыларға күн көріске бірдеңе қалдырама қарындылар. Қалаға барсаң үйің жоқ,  аулға келсең алты ешкіні бағатын жерің жоқ.  Қалаң да, далаң да, жердің астында үстінде меншіктеп алды емеспе мес қарындар. –  Түйебайдың көз алды буланып шоқша сақалы дірілдей қалды.

– Әй  шал, жұдырқтай баламен ұрыспай шәйіңді іш, – деді  кемпір алдындағы баурсақты шалға қарай сырып жатып.

– Ой қатын көресің әлі, түбінде әскерге ана мешкейлер мен месқарындардың балалары бармай жалтарып қалатта, мына сорлы тентек алғашқы болып алынады. Жерімді қорғаймын деп, жүда  алты мың гектар жері бар кісідей жиырлып акопта жатқанда, ана бегзадалар тосекте жатад қатынының қойынында. Азабын қара халық тартып,  рахатын бай-батшалар көрген заман бұл.

– Халықтың баласы болғандықтан бұлда елін, жерін есіне аладығой қарғам,  әйтпесе ана дөкейлер мен дүлейлердің баласы еліңді де, жеріңді де,  құйрғына қыстырмайды, –  деді кепмірде күңік етіп.

Шал мен кемпір мұңдасып шер тарқата шүйіркелесе қалғанда, бала баяғыда үйден шығып кезекті ойынға қосылыпта кеткен еді.


Жұмаділ Жарқынбек