Қандастар Ассамблея

Тәуелсіздік жылдардағы спорттағы жетістіктеріміз!

07.12.2014 11581
Тәуелсіздік жылдарынан бері қазақстандық спортшылар 11 Олимпиада ойындарына (Жазғы Олимпиада ойындары – 5, Қысқы Олимпиада ойындары – 6) қатысып үлгеріпті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың денсаулығын жақсарту, спортпен шұғылдану туралы әр кез айтып келеді. Тәуеліздік жылдарында Қазақстан спорты одан сайын дами түсті. Елбасының спортқа жіті көңіл бөлуіне байланысты бірнеше Олимпиада чемпиондары, Әлем чемпиондары шықты. Одан бөлек Қазақстан мемлекеті әртүрлі спорт түрлерінен Әлем чемпионаттары мен Халықаралық жарыстарды өткізіп келеді.

Тәуелсіздік жылдарынан бері қазақстандық спортшылар 11 Олимпиада ойындарына (Жазғы Олимпиада ойындары – 5, Қысқы Олимпиада ойындары – 6) қатысып үлгеріпті. Қазақстан спортшыларының қатысумен өткен 11 Олимпиадада 59 медаль иеленіппіз: 52 медаль Жазғы Олимпиада ойындарынан, 7 медаль Қысқы Олимпиада ойындарынан.

Қазақстандық спортшылар Әлем чемпионаттарында, Әлем Кубогы жолында, Азия чемпионаты мен Азия ойындарында да түрлі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Қазақстандық спортшылардың қатысуымен Жазғы Олимпиада ойындарындағы жетістігіміз төмендегідей:

Олимпиада ойындары:

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

Орын

XXVI Жазғы Олимпиада (Атланта, 1996 ж.)

3

4

4

11

24

XXVII Жазғы Олимпиада (Сидней, 2000 ж.)

3

4

0

7

22

XXVIII Жазғы Олимпиада (Афины, 2004 ж.)

1

4

3

8

40

XXIХ Жазғы Олимпиада (Бейжің, 2008 ж.)

2

4

7

12

29

XXХ Жазғы Олимпиада (Лондон, 2012 ж.)

7

1

5

13

12

Нәтижесі:

16

17

19

52

 


Қазақстандық спортшылардың қатысуымен Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістігіміз төмендегідей:

Олимпиада ойындары:

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

Орын

XVII Қысқы Олимпиада (Лиллехаммер, 1994 ж.)

1

2

0

3

12

XVIIІ Қысқы Олимпиада (Нагано, 1998 ж.)

0

0

2

2

21

XІХ Қысқы Олимпиада (Солт-Лейк-Сити, 2002 ж.)

0

0

0

0

-

XХ Қысқы Олимпиада (Турин, 2006 ж.)

0

0

0

0

-

XХІ Қысқы Олимпиада (Ванкувер, 2010 ж.)

0

1

0

1

26

XХІІ Қысқы Олимпиада (Сочи, 2014 ж.)

0

0

1

1

26

Нәтижесі:

1

3

3

7

 


Олимпиада ойындарынан жыл өткен сайын жетістіктеріміз де жоғарылап келеді. Тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен жетістігіміздің бірі – тұңғыш екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің жетістігі.

Олимпиаданың ең үздік боксшысына берілетін Баркер кубогын қазақстандық үш боксшы иеленді. Василий Жиров (1996 ж.), Бақтияр Артаев (2004 ж.) және Серік Сәпиев (2012 ж.) иеленген еді. Бұл арнайы жүлдені АҚШ-тың бес, Қазақстанның үш боксшысы алған. Куба, Италия және Ресей боксшылары Баркер кубогын небәрі екі рет иеленген.


Спорттағы тарихи оқиғалар

2002 жылы Стокгольм қаласында УЕФА Конгресі өтіп, қазақ футболы үшін тарихи оқиға болды. Қазақстан ресми түрде УЕФА құрамына қабылданып, Еуропаның үздік командаларымен кездесетін мүмкіндіктер туды. Англия, Германия, Голландия құрамаларымен әртүрлі іріктеу турнирлерінде бір топта өнер көрсетті.

2006 жылы «Астана» велокомандасы құрылып, әлемдегі ең ірі, ең мәртебелі велобәйгелерінде жеңімпаз атанды. «Вуэльта», «Джиро д’Италия», «Тур де Франс» мәртебелі вело көпкүндіктерінде бірнеше рет жеңімпаз атанды. Астананың аты әлемге мәшһүр болды. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бүгінде «Астана» велокомандасының спорт директоры.

2011 жылы Алматы мен Астана қаласы VII Қысқы Азия ойындарын өткізді. Ақ Азиаданы өткізу арқылы бірнеше спорт нысандары салынып, көнерген ғимараттар мен спорт нысандары күрделі жөндеуден өтті. Халықаралық Олимпиада комитетінің экс-президенті Жак Рогге арнайы қонақ болып, Алматы қаласының болашақта Қысқы Олимпиада өткізуге үлкен мүмкіндігі барын айтып өтті. Азияның 27 елінен 1000-ға жуық спортшы келіп, 11 спорт түрінен сынға түсті. Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола жүлде иеленіп, командалық есепте жеңіске жетті. Бұл – қазақ спортындағы елеулі оқиғалардың бірі еді. Сондай-ақ, Қазақстан тұңғыш рет өткізген Халықаралық жарыста 12 рет рекорд жаңартылды.

2011 жылдан бастап төл өнеріміз қазақ күресі үшін жаңа дәуір басталды. Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» атты жаңа жоба іске асып, төрт маусымын өткізді. Сондай-ақ, әлем балуандарының қатысуымен қазақ күресінен «Еуразия Барысы» және «Әлем Барысы» атты ауқымды жобалар іске асып келеді.

2013 жылы Қазақстан тұңғыш рет бокстан Әлем чемпионатын өткізді. Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына Әлемнің ең үздік боксшылары келді. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола еншілеп, командалық есепте бірінші орын алды. Жарыстың финалдық бәсекесін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып тамашалады.

2014 жылы Алматы қаласы тұңғыш рет ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын өткізді. Әлемнің 76 елінен 683 зілтеміршісі қатысты. Бұл жарыста Қазақстаннан үш спортшы чемпион атанып, екі атлет күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (58 кг) үздік шықса, ерлер арасында Жасұлан Қыдырбаев (94 кг) және Илья Ильин (105 кг) алтын медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Жазира Жаппарқұл (69 кг) және ерлер бәсекесінде Владимир Седов (94 кг) күміс жүлде иеленді. Жасұлан Қыдырбаев – ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды. Ал, Илья Ильин – төрт дүркін әлем чемпионы атағына ие болған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол осыған дейін 2007, 2009 және 2011 жылдары әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен.

2015 жылы Астана қаласында тұңғыш рет дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің ең үздік балуандары қатысады.

2017 жылы Алматы қаласында Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. Бұл Олимпиада ойындарына жасалған екінші қадам деп айтуға болады. 


Әзірлеген – Досжан МЕЙІРБЕК

Ұқсас материалдар