«Тәуелсіздік. Әдебиет. Қаламгер» байқауы аяқталды

11.11.2016 3790
«Eurasian Book Fair – 2016» кітап көрмесі аясында үздік қаламгерлер марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік. Әдебиет. Қаламгер» байқауы өз мәресіне жетті. «Eurasian Book Fair – 2016» кітап көрмесі аясында үздік қаламгерлер марапатталды.

«Тәуелсіздік. Әдебиет. Қаламгер» тақырыбымен 3-8 қараша аралығында өткізілген онлайн байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік жазушы», «Үздік ақын», «Үздік балалар жазушысы», «Үздік балалар ақыны», «Үздік драматург» және «Оқырман қалауы» номинациялары бойынша жүлдегер анықталды.

Үздік жазушылар: Сəбит Досанов, Мырзатай Жолдасбеков, Əкім
Тарази, Төлен Әбдік және Тұрсын Жұртбай.

Үздік ақындар: Құдайберлі Рахымбекұлы, Алмас Темірбай, Қасымхан Бегманов, Қалқаман Сарин және Алмаxан Мұxаметқалиқызы.

Үздік балалар жазушылары: Толымбек Әбдірайым, Әділбек Ыбырайымұлы, Арасанбай Естенов, Серік Жетпісқалиев және Дария Жұмагелдинова.

Үздік балалар ақындары: Мұзафар Әлімбаев, Оразақын Асқар, Асылбек Абдрахманов, Сұлтан Қалиұлы және Қастек Баянбайұлы.

Үздік драматургтер: Дулат Исабеков, Рахымжан Отарбаев, Роза Мұқанова, Жолтай Əлмашұлы және Қанат Жүнісов.

«Оқырман қалауы»: Қабдеш Жұмаділов, Асқар Алтайұлы, Ғарифолла Есім, Шәрбану Бейсенова, Серік Тұрғынбекұлы, Несіпбек Айтұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Сәуле Досжанова, Баянғали Əлімжанов, Думан Рамазанұлы және Маржан Ершу.

«Көрме» орталығында өтіп жатқан Еуразиялық халықаралық «Eurasian Book Fair – 2016» кітап көрмесі 12 қарашаға дейін жалғасады. Шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі аясында өтіп жатыр. Мәдени-ағартушылық маңызы зор шараның өту мақсаты – ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы және полиграфия компанияларын бір алаңға біріктіру.


 Бауыржан Берікұлы,

Ұлттық академиялық кітапхана

Ұқсас материалдар