Түркі қағанаты 4 өлкеге бөлініп басқарылды

23.08.2014 1940
Түркі қағанаты 4 өлкеге бөлініп басқарылды

Түрік қағанатында бар билік қағанның қолында болады. Одан кейінгілерде, “ірі тайпа басшылары шад, қағанның ұлдары мен інілері тегін лауазымына ие болды. Ірі ұлықтар ұлұғ жабғы, шад, құтлы, чор, бег, тұтық, елтебер, тудын (тұдұнбар), іркін (іркін күлчор. - С. Ж.), бөрүк (бұйрық), жанғұнда (янғұнда), тархан (дарқан), чора (шора), т. б. 28 дəрежеге жіктелді... Сарбаздары бөрі деп аталды”. Мұндай мүзəлім-лауазымдардың бірталайы Үйсін ұлысында да болғаны белгілі.

Б. з. 568 жылынан бастап Түркі қағанаты 4 өлкеге бөлініп басқарылды.

Сот қызметін бұй рық мен тархан атанған билер атқарыпты. Қаған ордасы Орқон өзені бойындағы Өтүкен мен Алтайға орнапты. Халық 3 жік болады - бектер, қара бөдундар, таттар (кірмелер мен құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалардың барлығы оғыз деп аталады.

Ал, жылнамаларда тағы былай делінген: “Телының (Телек) тегі –Ғұнның ұрпағы. Бұтары өте көп. Батыс Теңіздің (Қара теңіздің. - С. Ж. ) шығыс жағалауынан бергі тау мен сай-саланың бəрінен бұларды кезіктіруге болады. Тоғла  өзенінің солтүстігінде, Пугу (бүркіт), Тоңло (тоңра), Уейхы (ғұйғыр, ұйғыр), Байегу (байырқы, найман), Фуло (бұғра) ұлыстары тұрады да көсемдерін Ыркін деседі. Мыңчын (мөнден), Турухы (танағыр), Сыже (сегет), Хұн (һұн), Хушө (қоқсыр) сықылды арыстарының(жоғарыдағы арыстар атының ескіше оқылуы жақша ішіне берілді. - С. Ж. ) соғысқа жарамды адамы 20 мыңдай. Үбірдің (Аратүріктің. - С. Ж.) батысы менАгнидың терістігінде, Ақтауды қапталдай Қыбыт, Бұлақшық, Едер, Сұба, Нағар, Оғыз, Қырқұт, Ядыр, Йүрегір оқтары тұрады. Бұлардың соғысқа жарамды адамы 20 мыңдай. Алтайдың батыс күнгейінде Сір-енда, Таринақ, Зыбан, Дарқыттар  мекендейді. Бұлар да жорыққа 10 мыңдай адам аттандыра алады. Қаңлының терістігіндегі Еділ суының бойын Едіз, Ғажар (Хазар), Барғұт, Биған, Қоқы, Қабыш, Ажасу , Бямыт , Кердерілер  мекендейді. Бұларда жорыққа 30 мыңдай əскер шығара алады. Каспийдің шығыс жəне батыс жағалауында Салар, Қият, Үш сақын, Марсұқ, Сақырлар отырады. Бұларда 8 мыңдай жасақ бар. Пұрұмның шығысында Ұңғұт, Алан, Печенек, Құлас, Барғұндар  мекендейді (жоғарыдағылардың қытайшасы көне оқылуы бойынша берілді. Бұлардың оқылуы жəне ол туралы ғылыми анықтамалар Ш. Ахметұлының «Ұлы түрік қағанаты – Қытай деректері мен түсініктерде» көрсетілген - С. Ж.). Бұларда 2 мыңға жуық адам бар. Солтүстік теңіздің күнгейінде Тыбалар отырады. Оқ аты əр түрлі болғанымен, бұлардың бəрі жалпы Телек деп аталады. Бəрінің үстінен қарап отырған билеушісі жоқ. Шығыс Түрік пен Батыс Түрікке бөліне бағынады. Атқа мықты əрі шетінен мерген келеді. Батыс жақтағы ұлыстары егіншілікпен айналысады. Мүйізді ірі қараны көп, жылқыны аз өсіреді.”  “Сүй əулеті шаңырақ көтерген жылдың (б. з. 581 жылдың. - С. Ж.) соңында, ішкі соғыстарының беті ашылып, əсілі батысында тұратын кіші қаған Дату (Дарту) Батыс Өңірдің саяси бірлігін жүзеге асырды... Мұнда Шыли, Ашына (, Чау, Сыби, Байдың, Сунұң, Ашыды, Рышы, Баян, Хылу, Гыло, Юйшы, Исы, Бисы, Келен (Чилян), Шигаулан, Шыян, Бучиро, Читан, Ху, Дису, Анхуа, Ниңшо, Пугу, 24 тайпа бар болатын” .

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Ұқсас материалдар